Бүгінгі Жолдаудың басты сұрақтары қоғамдағы болып жатқан пандемиядан кейінгі туындаған мәселелер туралы болды. Президентіміз Қ.Тоқаев негізгі сұрақтарды және олардың жауаптарын да атап өтті. Денсаулықты сақтау сонымен бірге алғашқы медициналық көмек көрсетуді ерекше назарға алды. Шалғайдағы ауылдық жерлерге және кең ауқымды халықты қамтуды ескеру қажеттігін атап өтті. Ауруханаларды салдырып, медицина қызметкерлерінің жағдайын жақсартуды тапсырды.
Отбасы және балаларды қорғау үшін, оның ішінде балалардың өмірі мен денсаулығын ерекше қорғауда арнайы шаралар жасалуын ескертті. Балаларға жасалған қылмысты қатаң жазалап отыру қажеттігін айтты. Бала тууды дамыту үшін 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» әлеуметтік жобасын іске асыруды тапсырды.
Еліміздің стратегиялық дамуы үшін басқарушы органдарда үлкен өзгерістер жасалып, еліміздің көркеюіне үлкен жұмыстар атқарылуын жоспарланды.