«Ана-өмір шырағы!»/public/files/2019/3/13/130319_100708_ana-omir-shyragy-16-top.doc
Мақсаты: Балалардың мерекелік көңіл-күйін құру . Ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру . Өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Ертеңгіліктің барысы:
(музыка әуенімен ортаға екі ұл тәрбиешілермен кіреді )
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Міне, көгілдір Көктем де келіп жетті!
«8 наурыз – Халықаралық әйелдер» мерекесі құтты болсын!
Жүргізуші:
Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,қасиетті аналар!- дей отыра бүгінгі «Ана –өмір шырағы» атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келіпсіздер!
Жүргізуші:
Той тойлап дала мен қалаларым
Мерекең құтты болсын аналарым
Қаракөз қыз, абзал ана мерекесін
Құттықтауға келе жатыр балаларың.
Ал, ендеше, ұлдар бүгін қыздардың да мерекесі қане қыздарымызды әдемілеп қарсы алайық!
(Музыка әуенімен қыздармен ұлдарды қарсы аламыз)
Ақылды да талантты ,ақкөңіл қыз - Д.Айзере.
Білімді да сүйкімді ,ақжарқын қыз- Самира.
Сұлу да сымбатты ,қылықты қыз-Альфия.
Мейірімді әрі мейірбан, ашық мінезді қыз –Гүлбану.
Инкара біздің өнерлі, төгеді бар өнерді
Ажарлы да момын қыз-М.Айзере.
Жүргізуші:
Ару ана өмірдің асылдары,
Жайнаған көңілімнің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен би өлең мен күй
Сіздер үшін мереке шашулары!
-Олай, болса асыл аналар, ақжаулықты әжелер мерекелеріңіз құтты болсын.
Әлпештеген баласын
Ана-бақыт , ана-жыр
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын. Балалардың тақпақтарына кезек берейік
Тақпақтар: Самира, Ерасыл, Гүлбану
Тәрбиеші:
Жер әлемді жайнатып,
Әнші құстарды сайратып,
Гүлге бөлеп даланы,
Әнге бөлеп қаланы,
Көрікті көктем келді
(Ортаға музыка әуенімен көктем ханшайымы кіреді)
Жүргізуші:
Ару көктем, қошкелдің, төрге шық. Сенің көктемгі жаңбырыңның арқасында айналамыз әсемдікке кенелді. Кең байтақ даламыз гүлге бөленді. Сондықтан ару көктем біз саған ризамыз.
Біздің халық өнерпазға бай тегі.
Әнші деп те күйші деп те айт оны
Күлімдеген көктемге
Жақсылап бір ән шырқасақ қайтеді
Ән: «Көктем келді»
Балалар орындарына отырады. Бәрі шапалақтайды. Залға сайқымазақ келеді.
Сайқымазақ: Сәлеметсіңдер ме, достар! Сәлеметсіңдер ме, қымбатты қыздар!
Жүргізуші: Сәлеметсізбе, сайқымазақ!
Сайқымазақ: Менің атым Тили Вили. Мен сендерді сонау Америкадан кұттықтауға келдім. Хелоу! Хелоу! Хелоу!
Сайқымазақ: Мен бүгін мереке бойы сендерді күлдіртіп, көңіл күйлеріңді көтеремін. Ал қазір мен сендерге акробатикалық номерді көрсетемін.
Сайқымазақ басына тұрайын деп, құлай береді.
(Бәрі күледі)
Жүргізуші: Қой Тили, Вили Сен мойынды сындырарсың. Оданда біздің балаларымыздың биін қабыл ал.
Ой балалар, балалар
Ойналық та күлейік
Қане енді бұралып
Би билеп те берейік
Би « Көңілді би » ( ұлдар мен қыздар )
Сайқымазақ: Қандай жақсы би. (Қимылдарды қайталап билеп тұрады) Тағы да билеңдерші.
Жүргізуші: Жоқ, Тили Вили біз мерекені жалғастырайық. Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелерімен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» - деп бекер айтылмаған. Келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер.
Тақпақтар: Даир, Мансұр
Жүргізуші: Керемет жарайсыңдар балалар.
Құлақтан кіріп ойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең мендей сүй демекші келесі кезекті әсем әнге берейік
Ән: «Жақсы көрем»
Жүргізуші: Балалардың аналарына арналған өлең-шумақтарына кезек берейік.
Тақпақтар: М.Айзере, Жамбыл, Али
Би: «Вальс» ( Әкелерімен қыздар)
Тақпақтар: Д.Айзере, Инкара, Альфия
Сайқымазақ: Алақай!!! Алақай! Мерекені жалғастырайық!
Сайқымазақ: Балалар сіздерге би биледі, өлеңдер айтты Ал мен сіздерге не көрсете аламын? Сайқымазақ: маған микрофон беріңіз, моэстро музыку.
(музыка ойнайды, сайқымазақ ырғағына қарамай біресе төмен, біресе жоғары айтады, балалар оған қарап күледі)
Жүргізуші: Тили Вили, сен мүлдем ән айта алмайсың.
Сайқымазақ: жоқ мен Қайрат Нұртас сияқты ән айта аламын. Ал тыңдаңдар.
(күлкілі айтады)
Жүргізуші: Тили Вили, сен босқа өз тамақыңды шаршатпа. Біздің балаларымыздың әнін тыңдаңдар. Балалар, аналарымызға ән айтайық.
Ән: «Анашым»
Сайқымазақ: Балалар сендер өте өнерлері екенсіңдер. Қандай әдемі ән. Дауыстарың қандай жақсы. Енді мен ұлдар мен және олардың аналарымен ойын ойнағым келіп тұр. Ойынның шарты өз аналарымызды сәндейміз.
Ойын «Анамызды сәндеу»
Би: «Шығыс биі»
Ән: «Песенка мамонтенка»
Сайқымазақ: - Жарайсыңдар, балалар. Өнерлерің өрге жүзсін. Менде барып өз анамды мерекесімен құттықтайын. Сау болыңдар.
Жүргізуші:
Келді көктем күнің,
Күлімдейді гүлің –
Алтын ойлы Анам
Мерекеңіз бүгін!
Балалардың орындауындағы «Ай дидарлы анашым!» әнін қабыл алыңыздар.
Ән аяқталғаннан соң әр бала аналарына арналған сыйлықтарын табыстап, орындарына барып отырады.
Тәрбиеші:
Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Ана-өмір шырағы!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты аналар мерекелеріңіз құтты болсын! Келіп тамашалағандарыңыз үшін көп рахмет.
Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы
№1 «Арман» балабақшасы
8-Наурыз халықаралық аналар мерекесіне
арналған ертеңгілік
№16 «Ботақан» ересектер тобы
«Ана - өмір шырағы!»
Өткізген тәрбиешілер: Хұндызбай Г.
Сәбит А
Көкшетау қаласы.