Текст
Құрметті әріптестер, ата-аналар! Қымбатты тәрбиеленушілер!
Сіздерді бірлік пен берекенің, тоқшылық пен молшылықтың басы көктемнің тамылжыған жайдары күндерімен бірге келген Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Тамырын тереңнен тартқан осынау мереке – ежелден халқымыздың берекесі мен бірлігіне, бір-біріне деген риясыз тазалығына, татулығы мен ынтымақ-ықыласына арқау болып, шаттық пен қуанышқа кенелткен ұлы .
Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті Наурызбен жасампаздықтың жарқын жолымен жүріп келе жатқан еліміздің өркениеті мен қуаты арта берсін.
Наурыз әр отбасында келісім мен сыйластықтың, құрмет пен сүйіспеншіліктің дәнекері болсын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!