АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "АРМАН" БӨБЕКЖАЙЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
 ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ " ЯСЛИ- САД   "АРМАН" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыптық сабақ «Наурыз – думан» №16 «Ботақан» ересектер тобы Тәрбиеші: Хұндызбай Г.

20.03.2019

Наурыз мерекесіне орай №16 «Ботақан» ересектер тобында «Наурыз – думан» атты  тақырыптық сабақ өтті.

Сабақтың   мақсаты:

Балаларға Ұлыстың  ұлы күні Наурыз  мерекесінің  ерекшеліктерімен   таныстыру. Наурыз мерекесі  туралы  түсінік  беру.

  Балалардың  ойлау  қабілетін дамыту, мерекелік көңілдерін  көтеру. Әртүрлі  ұлттық  ойындар  ойнату.

  Туған  елге деген сүйіспеншілікпен бірге салт-дәстүрді құрметтеуге, үлкендерді және бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу.

Қазақтар Наурызды жыл басы санайды. Ежелгі салт-дәстүр бойынша қазақ халқы  жаңа  жылды  наурыздың 22-сі күні қарсы  алған. Бұл күнді «Наурыз мерекесі» деп атайды. Өйткені көктем келіп, күн жылынып, жер әлем қайтадан жаңарып, шөптер мен гүлдер өсіп, ағаштар бүршік жара бастайды. Барлық тіршілік иелері ұйқыдан оянады. Күзде жылы жаққа ұшып кеткен құстар келіп ұя салады. Сол күні  даланы  Қыдыр ата аралайды екен. Қыдыр ата адамдарға бақыт, дәулет әкелетін көзге көрінбейтін ақсақал. Сондықтан осы күнді үлкендер мен кішілер асыға  күткен. Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесін бүкіл әлем болып тойлаймыз.Кең  жерге киіз үйлер тігіліп,қазақтың ұлттық киімін киген кәрі жастары өз өнерлерін ортаға салып тойды бастаған.

/public/files/2019/3/20/200319_100119_22-nauryzgasabak-16-top.docx

Просмотров: 1199


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст