АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "АРМАН" БӨБЕКЖАЙЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
 ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ " ЯСЛИ- САД   "АРМАН" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ханталапай» Денешынықтыру нұсқаушылары: Мадиева А.Т Мейрамбек Т Давлеткан М

27.03.2019

/public/files/2019/3/27/270319_114503_hantalapay-19gh.pptx

Наурыз мерекесі қарсаңында № 1 «Арман» бабалабақшасында қазақтың ұлттық ойыны «Ханталапай» атты қалалаық (сырттай) байқауға қатысып 1орынға ие болдық.

Мақсатымыз: Ұлттық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлауын дамытуға,қазақ халқының мәдениетімен,салт- дәстүрлерімен танысуға ықпал ету.Балаларды ойындар арқылы тапқырлыққа,шапшаңдыққа баулу,салт- дәстүр арқылы ой өрісін дамыту.

Наурыз мерекесін тойлауға шет мемлекеттен келген қонақтарды қарсы алып,қазағымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерімен,өнерлерімен,ұлттық ойындары және көрмелерімен таныстырылды.Сонымен қатар келген қонақтарға қазақтың ұлттық ойыны «Ханталапай» ойынымен таныстырып,бірге ойнауды ұсынды.Қонақтараға асық жайлы қысқаша түсінік берді.

Балалар асық ойыны қазақтың дәстүрлі ойыны,бұл ата-бабамыздан бізге жеткен өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз,асыл-қазынамыз.

Асық ойыны күндіз де, түнде де ойнала береді.Балалар күндізгі асық ойыны-мергендікке, ал түнгі асық ойыны-ептілікке баулиды.

Қазақ халқы қойды көп өсіргендіктен асықты қойдың асық жілігінен жинап алып оны жақсылап тазартып кептіріп алатын болған. Асық ойындарын еңбектеген баладан,үлкен кісіге дейін ойнатын түрлері болған.

Асық қазақ халқының, ырымдарында қадірлі сүйектің бірі. Ер баланың бесігіне қасқырдың асығын тағып, айбатты,қайтпас қайсар болсын деген.

Ал қыз баланың бесігіне еліктің асығын әдемі сұлу,ел қызығар көркі болсын деген.ырыммен тағып қоятын болған екен.

Асық­ ойындары балаларды ертеректе шеберлікке, мергендікке, батыл­дыққа, шешім қабылдауға, ырымға, ырысқа тәрбиелеу құралы болды.Келген қонақтар «Ханталапай» ойының қызыға ойнап өздеріне көптеген асықтар жинап алды.Осылай ата-бабамыздан бізге мирас болып қалған ұлттық ойындарымызды,салт дәстүрлерімізді ұмытпай ойнап жүрсе біз қуанара едік.

  Денешынықтыру нұсқаушылары: Мадиева А.Т

                                                       Мейрамбек Т

                                                       Давлеткан М

Просмотров: 452


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст