АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "АРМАН" БӨБЕКЖАЙЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
 ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ " ЯСЛИ- САД   "АРМАН" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: «Ғарыштың сиқырлы әлемі» Орындаған: Сәбит А.

15.04.2019

Тақырыбы: «Ғарыштың сиқырлы әлемі»
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға ғарыш және ғарышкерлер туралы толық түсінік беру, алғаш самғаған әлемдік және қазақтандық ғарышкерлер туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық: Ғарыш әлеміне деген қызығушылық және танымдық қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: Балалардың патриоттық сезімін ояту, сыйластыққа тәрбиелеу, ғарышкерлерге деген құрмет сезiмге баулу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, зымыран суреті, үн таспа.
Әдіс - тәсілдер: Жұмбақ шешу, тақпақтар, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Жүру барысы: Шаттық шеңбер:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты,
Жарқырайды қаламыз,
Жайнай түссін даламыз.
Қайырлы таң қонақтар,
Қайырлы күн балалар!
Тәрбиеші: - Балалар, кім айтады қазір жылдың қай мезгілі?
-Ал, көктемнің қай айы?
-Сәуір айында қандай мерекелер бар?
-Бүгін балалар ғарышкерлердің мерекесі, он екінші сәуір ғарышкерлер күні, биыл ғарышқа ұшқан күнге 58 жыл болды. Жерді қоршаған бүкіл дүние – Әлем немесе Ғарыш деп аталады. Ғарышқа жол 1957 жылы 4 қазанда ашылды. Бұл күні бұрынғы Кеңес Одағының Жердің жасанды серігі ұшырылды. Ғарышқа 1961 жылы 12 сәуiр күнi тұңғыш рет Юрий Гагарин ұшты. Қазақтан ғарышқа бiрiншi болып ұшқан - Тоқтар Әубакiров. Бiз қазақ ғарышкерi Талғат Мұсабаевты да мақтан етемiз.
1991 жылы Тоқтар Әубакiров Қазақстандық бағдарлама бойынша ғарышқа жол тартты. 7тәулiк 22сағат, 12минут, 40секунд ғарыш кеңiстiгiнде болған Тоқтар Әубакiров тұнғыш қазақ ғарышкерi атанды.

Бүкіл халық бүгін мерекені тойлап жатыр. Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Жерде болса тұрағым,
Марсқа ұшып тұрамын.
                        \ғарышкер\
-Олай болса балалар ғарышқа ұшатын адамды кім дейміз?
-Балалар ғарышқа не үшін ұшады?
-Иә, аспан әлемін, планетаны, жұлдыздарды зерттеу үшін ұшады.
Слайд: аспан әлемі
-Ең бірінші болып ғарышқа кім ұшты:
-Юрий  Гагарин (слайд)
-Ал, қазақ жерлерінен кімдер ұшты?
-Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев (слайд).
-Ал балалар ғарышқа не арқылы ұшады?
-Зымыран қалай ұшады? (слайд )
-Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар ғарышкер ғарышта жүргенде зымыран ішінен шығады ма?
-Иә шығады, өйткені олар жұмыстарын жасайды, зерттейді, әр түрлі планетаны зерттеп ашық аспанда жүреді.
Слайд ғарыштағы сурет.
-Бірақ, балалар аспанда ауа жоқ, өте ыстық, ал ғарышкерлерге скафандр деген киім көмектеседі, арнайы ауасы бар, ыстықтан қорғайтын киім.
Балалар ғарышкерлер ғарышта ұзақ жүреді, ал олар қалай тамақтанады, не жейді, от жағып пісіре ме?
Жоқ оларға әдейі арналған зымыранмен тамақ әкелінеді, тамақ оларға жабық түрде, езілген түрде, тіс пастасының қорабы сияқты қорапта беріледі, шай, суда солай әкелінеді, соны сығып жейді. Балалар сендер ғарышкер болғыларың келеме?
Балалар  жауабы:

- Кәне, балалар, тіл ұстарту жаттығуларын жасап алайық:
1.– ер, - ер, - ер
Біз боламыз ғарышкер.
2.- ға, - ға, - ға
Біз ұшамыз  Айға.

3.-ран, -ран, -ран,

Аспанға ұшты зымыран.
-Білесіңдер ме ғарышкер болу үшін ең алдымен шынығу керек дейді, енді бәріміз орнымыздан тұрып жаттығу жасап алайық.
Сергіту сәті.

Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровке:
Алтын бесік тербеткен,
“Байқоңырдан ”аттандың.
Ең алғашқы қазақтың,
Ғарышкері атандың.
Мақтанады өзіңмен,
Бүгінгінің баласы.
Мүмкін олар ертең-ақ,
Ізбасарың болады.

-Даир атты баламын,

Таудай менің талабым.

Үлкен болып өскенде,

Мен ғарышкер боламын.

-Байқоңырдан ұшқанға

Барлық әлем қарады

Дос құшақтар аспанға

Ғарышкерлер барады.

Ал, мен сендердің білімдеріңді тексеремін, ол үшін мынадай ойын ойнаймыз.

Ойын: «Зымыранды құрастыр»
 Жұмбақ шешу

Ұшады қанатсыз
Зырлайды аяқсыз.  /Зымыран/
 

Ұшқыш емес, бірақ ол
Аспанда қалықтап ұшады
Оны кім деп ойлайсындар?  /Ғарышкер/

 

Етегім толы сөк, Ерте тұрсам жоқ.   /Жұлдыз/

 

Көлде жүрген ақ үйрек, Түнде бар да, күндіз жоқ.  /Ай/
 

Қызыл күлше тау асады, Ыстық нұрын шашады.  /Күн/
 

Не басы, не аяғы жоқ

Не алды, не арты жоқ.  / Жер/

 

Мекені көкте екі ару Бір-бірін көруге зәру.   /Күн мен ай/


-Мінекей, зымыран құрастырдық, зымыран дайын, денеміз шынықты, білімімізді тексердік, ал енді ғарышқа ұшамыз, дайынбыз ба?
-Ендеше скафандрды үстімізге киейік, зымыранға отырайық (қолмен қозғалыс көрсетеді), балалар жоғарыға ұшу үшін сиқырлы сөз айту керек көзді жұмып.
Бір, екі, үш
Ғарышқа тез ұш.
Слайд аспан әлемі.
Көзімізді ашайық, мінекей балалар біз аспандамыз.
-Балалар қараңдаршы жұлдыздар қандай көп, әр түрлі планеталар бар, білесіңдер ме аспаннан жерге қарағанда жеріміз доп сияқты дөңгелек, біз сол дөңгелек жерде тұрамыз.
-Енді балалар жерге оралайық, ол үшін сиқырлы сөзімізді айтып, көзді жұму керек. Міне біз жердеміз, осылай ғарышқа ұшады екен.
Шығармашылық жұмыс:

Қорытынды:
Балалар сонда ғарышқа қай күні ұшқан?
Кімдер ұшты?
Балалар, сендерге көп рахмет, бүгінгі сабағымыз аяқталды барлығыңда өте жақсы қатыстыңдар.

 

Просмотров: 3373


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст