Тақырыбы: «Кемпірқосақ жолдарында»
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға жыл бойы өтілген оқу іс-әрекеттеріне байланысты тапсырмаларды бере отырып, білімі-білік дағдыларын сараптау.
Дамытушылық: Дидактикалық, логикалық ойындар арқылы есте сақтау қабілеттерін дамытуды жалғастыру.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суретші, жеті түрлі-түсті хатқалта, үнтаста, әріптер, сандар, интерактивті тақта, слайд.
Әдіс - тәсілдер: Жұмбақ шешу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.
Сөздік жұмыс: хатқалта.
Билингвальды компонент: кемпірқосақ-радуга-rainbow.
Шаттық шеңбер:
Ашық аспан көгілдір,
Күн шуағын төгіп тұр.
Қол ұстасқан біздерді,
Терезеден көріп тұр.
Встало солнышко с утра!
Улыбнуться нам пора.
Нам здороваться не лень,
Всем «Привет», и «Добрый день»!
Good morning
Good morning to you
Good morning
I am glat to see you.
Тәрбиеші:
-Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы «Кемпірқосақ жолдарында».
Тосын сәт: суретші келеді (қолында бояулар мен қылқалам).
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-Мені таныдыңдар ма? Мен кіммін?
-Дұрыс айтасыңдар! Мен сендерге әдемі сурет салып алып келдім. Міне қараңдар! (интерактивті тақтада кемпірқосақтың суреті шығады)
-Бұл не?
-Балалар, сендер кемпірқосақ жолдарына көтергілерің келеді ме? Бұл жай сурет емес, кемпірқосақ жолдарында көптеген тапсырмалар мен ойындар кездеседі.
Кемпірқосақ сөніп қалады.
Суретші: -Ой, не болды? Менің суретім қайда? Енді қалай кемпірқосақ жолдарына өтеміз? Мен бұл суретті қайта сала алмаймын. Себебі, кемпірқосақтың түстерінің ретін білмеймін.
Т. - Біз балалармен бірге сізге кемпірқосақтың ретін есіңе түсіруге көмектесеміз.
С.-Жарайды.
Т.-Көмектесеміз бе?
Сл кезде суретші қалтасынан (сөмкесінен) жеті түрлі-түсті хатқалта алып шығады да тәрбиешіге береді.
-Балалар, бұл кемпірқосақты өз қалпына келтіру үшін мына тапсырмаларды орындау қажет. Тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар, мен сендерге сыйлық беремін. Іске сәт, мен кеттім!
Суретші шығып кетеді.
Сөздік жұмыс: хатқалта сөзінің мағынасы конверт.
Т.-Балалар, кемпірқосақ неше түстен тұрады? Сол түстерді атап беріңдерші!
-Қай түстен бастаймыз?
1-тапсырма (қызыл хатқалта):
Жұмбақ
Қар, мұз еріп, су көбейіп,
Сай-салада ағады,
Бүршік шашып, жапырақ ашып,
Гүл бәйшешек басады.
Балаларым, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Балалар, кім айтады қазір жылдың қай мезгілі?
-Ал, көктемнің қай айы?
-Көктем ерекшеліктерін атап беріңдерші?!
-Жарайсыңдар!
-Басқа жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін айту.
-Кемпірқосақтың қызыл түсті жолы жанады.
2-тапсырма (қызғылтсары хатқалта):
-Балалар, дыбыс деген не, білесіңдер ме?
-Дыбыстардың неше түрі бар?
-Дауысты дыбыс қалай айтылады?
-Оларды қандай түспен белгілейміз?
- Жарайсыңдар!
Кемпірқосақтың қызғылсары түсті жолы жанады.
3-тапсырма (сары хатқалта):
-1-10 дейін тура және кері санау көрші сандарды табу. Сандарды ретімен қойып шығу.
-2,5,7,9 сандарының көршісін табуды айтады. Қалған балалардан тәрбиеші тура және кері санауды ұсынады.
-Керемет!
Кемпірқосақтың көк түсті жолы жанады.
Шаттық шеңбер
4-тапсырма (жасыл хатқалта):
Дидактикалық ойын «Артық сөзді тап»
1. Қыс, жаз, радио, көктем, күз.
2. 1,2,3, алма, 8,9,10.
3. Аю, қасқыр, мысық, қоян, түлкі.
4. Нан, сүт, машина, қант.
5-тапсырма (көгілдір хатқалта):
-геометриялық пішіндер мен денелер арқылы кеңістікті бағдарлау
-Ортада не орналасқан?
-Дөңгелектің үстінде, астында?
-Оң жағында, сол жағында?
-Артық, тең және кем ұғымдарына байланысты есептерді шығару.
Логикалық есептер мен сұрақтар
-1.Табақта 3 алма бар,
Қолымда 2 алма
Қосқанда барлығын
Болады неше алма?
2. Бағдаршамның неше көзі бар
3.Сегізаяқтың неше аяғы бар?
4. Аспанда неше күн бар?
5. Ағашта 6 торғай отырды, 2 торғай ұшып кетті, неше торғай қалды?
-Керемет!
-Кемпірқосақтың көгілдір түсті жолы жанады.
6-тапсырма (көк хатқалта):
-Балалар, сендер үй жанауарлары мен дала жануарларын білесіңдер ме?
-Олардың төлдерін атап беріңдерші!
-«Барлығын бір сөзбен ата» ойын
-Тамаша!
-Кемпірқосақтың көк түсті жолы жанады.
7-тапсырма (сиякөк хатқалта):
-Апта күндеріне байланысты сұрақтарға жауап беру, уақытты бағдарлау.
-Балалар, 1 аптада неше күн бар?
-Апта күндерін атап беріңдерші
-Бүгін аптаның нешінші күні?
-Ал кеше қандай күн болды?
-Ертең күн болады?
-Ал, енді уақытты бағдарлауға арналған жұмбақтар жасырамын:
1.Ұйқымыздан тұрамыз,
Беті-қолды жуамыз.
Анамызға ереміз,
Бақшамызға келеміз.
2. Біз тәртіпті баламыз,
Сабақты да оқимыз.
Серуенге шығамыз, қыдырамыз,
Бұл қай кез деп ойлайсың?
3. Күн батады қызарып,
Анамызды күтеміз.
Бұл қай кез деп ойлайсың?
4. Үйлерде шамдар жанады,
Дем алады бар әлем
Барлығы ұйқыға жатады,
Бұл қай кез деп ойлайсың?
-Жарайсыңдар!
Кемпірқосақтың сиякөк түсті жолы жанады. Суретші қайтып келіп балаларға алғысын айтады. Сыйлығын беріп қоштасады.
Шығармашылық жұмыс:
Қорытынды:
-Берілген тапсырмаларды орындайды.
-Ойын шарттарын ұғынып, түсінеді.
-Жыл бойы алған білімдерін көрсете алады.
-Балалар, сендерге көп рахмет, бүгінгі сабағымыз аяқталды барлығыңда өте жақсы қатыстыңдар.
Көкшетау қаласы әкімшілігінің жанындағы №1 «Арман» балабақшасы
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Тақырыбы: «Кемпірқосақ жолдарында»
(қорытынды сабақ)
Тәрбиеші: Сәбит А.
Көкшетау, 2019 ж.