Көкшетау қаласы мектепке дейінгі ұйымдардың қалалық қоғамдастығының жоспарына сәйкес 30 наурыз 2022 жылы қалалық мектепке дейінгі ұйымдардың педагог-психолог мамандарына арналған қалалық семинар өтті. Семинар тақырыбы «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында арт-терапия элементтерін қолдану». Жұмыс барысында педагог-психолог А.Е Козубаева, логопед Г.А. Алгужина, тәрбиеші А.М. Жусупова, орыс тілі мұғалімі А.А.Бейсекеева, музыка жетекшісі М.К.Көкенова өз іс-тәжірибелерімен алмасты.
Қалалық қоғамдастық жетекшісі К.Т.Каудинова және мектепке дейінгі ұйымдардың педагог-психологтары «Арман» бөбекжайының мамандарының таңдаған материалдары өзекті, қазіргі заман талаптарына сай , педагогтардың өз жұмысын талдауға және сараптауға мүмкіндік береді. Қатысушылар семинардың жоғары деңгейде өткенін, қызықты және мазмұнды болғанын атап өтті.
Семинар бағдарламасын төмендегі сілтемеден жүктеп алуға болады
/public/files/2022/4/7/070422_095609_arman-bb-psiholog-seminar.pdf