АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "АРМАН" БӨБЕКЖАЙЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
 ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ " ЯСЛИ- САД   "АРМАН" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қыз қылығымен көрікті» 16 топ тәрбиешілері Хұндызбай Г., Сәбит А.

17.05.2019

«Қыз қылығымен көрікті»

Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,

Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.

Бір көргенде болмайды-ақ сахнада,

Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі.

         Қазақ атамыз ерте заманнан-ақ ұрпақ өсіріп, оны тәрбиелеудің ісіне ерекше назар аударған. Әсіресе, қыз балаға аса көңіл бөлген оны ақылды да ибалы, сұлу да әдепті, мейірімді де қайырымды етіп, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеген.

         Жуырда №1 «Арман» балабақшасында «Арман аруы 2019» байқауы ересектер мен мектепалды даярлық топтарында өткен болатын. Бұл байқаудың мақсаты, қыз балаға адамгершілік, адалдық, әсемдік, іс-қимыл, жүріс-тұрыс, қыз сымбаты түрлерін түсіндіре отырып, олардың өнерлерін ұшқыр ойларын, іс-әрекетке деген икемділігін анықтап бағалау, одан әрі дамыту. Байқау кезеңдері, «Мен қазақтың қызымын» таныстыру кезеңі, «Қыз еркем қылығымеен көркем» өнер кезеңі, жәнеде «Шеберлік шыңға жеткізер» кезеңі қыздардың қолдан жасалған бұйымдарын таныстырып, әңгімелеу, «Қыздарға әсемдік жарасады» кезеңінде құнсыз, табиғи заттардан жасалған киім сән үлгісін көрсетуі сайыстарымен өтті.

Ересектер мен мектепалды даярлық топтары арасындағы сайыста №16 «Ботақан» логопед ересектер тобынан тәрбиеленушілер Омарова Самира және Бакытова Альфия қатысқан болатын. Альфия және Самира қыздарымыз барлық сайыс барысында өз өнерлерін тамаша көрсетті. Омарова Самира өзінің сүйкімділігімен, ақылдылығымен сайыс кезеңдерінде көзге түсіп, «Сүйкімді ару» номинациясын алды. Ал Бакытова Альфия қылықты қылығымен, тәтті бала тілімен сайыс кезеңінде тамылжыта ән шырқап, мың бұрала би билеп, көрермендердің қошеметіне ие болды. «Қыз бала қылығымен көрікті» демекші, Бакытова Альфия бүлдіршініміз «Қылықты ару» номинациясын жеңіп алған болатын.

         Бүгінгі таңда қыздарымызды қылықты, ұлдарымызды ұлағатты етіп тәрбиелеу үлкен мақсатымыз болары сөзсіз. «Қазақ қызы» деген қастерлі де, қасиетті атқа лайық болып, білімді де, тәрбиелі, қырдың қызғалдағындай, бүлдіршіндеріміз жайнап өсе берсін!

Логопед мұғалімі: Саликова Г.Қ.

Тәрбиешілер: Хұндызбай Г.

                         Сәбит А.  

Просмотров: 1169


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст