№1 «Арман» балабақшасында 7 мамыр Отан қорғаушылар , және 9 мамыр Жеңіс күніне арналған салтанатты сап тузеу өткізілді.Салтанатты сап түзеуді балабақша меңгерушісі Шаймерденова А.Е құттықтау сөзімен ашты.
Олар сенің таңғы шапақ, нұрың ғой,
Олар сенің мәңгі асқақ жырың ғой!
Мәңгі алауға жиі барып, әрдайым
Бас киіміңді қолыңа алып, гүлің қой!
Балалар мәңгілік алауға гүл шоқтарын апарып қойып, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп,еске алдық.
Сонымен қатар сап түзеуге «Арман» балабақшасының жас сарбаздары велосипедшілері,самокатшылары,палуандары шеруге қатысты.
Сап түзеуге әр топ сарбаздары өздерінің ұрандарымен әндерін шырқап өнерлерін көрсетті. «Арман» балабақшасының ұжымы «Катюша» биін билеп өз өнерлерін көрсетті.Мереке соңында барлық ұжым «Қазақстан» атты флешмоб биімен аяқтады. Әрине, соғыс болмасын! Біз бейбіт күннің батырлары болуға тырысайық. Ел үшін аянбай еңбек етіп, білім алып, өз жеріміздің патриоттары болуға тырысайық Отанымызды сүйіп, қастерлей біліңдер, ата – баба дәстүрін, әдет – ғұрпын берік ұстанып, үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты болыңдар, халқымның ерлігімен, батырлығымен, қайсарлығымен келген тәуелсіздігіміздің туы мәңгілік желбіреп тұрсын. Отанын сүйетін, қорғай білетін нағыз азамат болып өсе беріңдер.