2022 жылғы 18 қараша күні «Арман» бөбекжай базасында кіші топтардың тәрбиешілеріне арналған «Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие-білім беру процесін ұйымдастыру».қалалық оқыту семинар - практикумы өтті.
Семинар-практикумның мақсаты: мектепке дейінгі білім берудің жаңартылған мазмұнына ауыса отырып, тәрбиешілерге балалармен жұмыстың әдіс-тәсілдері бойынша әдістемелік көмек көрсету.
Семинар барысында (балаларды қабылдау, таңертеңгі гимнастика, тамақтану, серуендеу, күндізгі ұйқы, шынықтыру, үйлеріне шығарып салу, балалар іс-әрекетінің алуан түрлері (ойын, қозғалыс, танымдық, шығармашылық, зерттеу, еңбек) арқылы ойын түрінде жүзеге асыру іс-шаралары енгізілген мектепке дейінгі ұйымның тәрбие - білім беру үдерісі көрсетілді.
Семинар-практикум соңында білім беру үдерісін перспективалық жоспарлауды, тәрбиеленушілердің өмірлік циклограммасын жасау бойынша ұсыныстар берілді.