Текст
Мукушева Гульмира Аскеровна- директордың ОІЖ орынбасары,
Адылова Ләззат Қайратовна бастауыш сынып мұғалімі, Бейсенбаева Сайран Баймағанбетова психолог, Кульмаганбетова Ғазиза Елшибековна логопед жұмыс барыстарының тиімділігі жайлы айтып балалармен жаттығу жұмыстарын жүргізді.
Инклюзивті білім беруді дамыту бойынша ресурстық орталықтың қолдауымен мектепте оқуда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беретін мектептерге толық және тиімді енгізу, тіл мүкістігі бар балалар, дамуында ауытқулары бар балалармен жұмыс істейтін педагогтерге және олардың ата-аналарына қажетті жағдайлар жасалған және баланың өзін-өзі тануы, үйренуі үшін барлық жағдай жасалған.