Текст
«Көкшетау қаласы білім бөлімі» ММ Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ 2020 жылғы 20 қаңтардағы №65 хатының негізінде 2020 жылғы 03-12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндігі №1 «Арман» балабақшасында да аталып өтті.
Осы онкүндік аясында ересектер, мектепалды даярлық топтар арасында «Әрқашан күн сөнбесін» атты суреттер көрмесін, «Бәрі Сүйіспеншіліктен басталады» атты ата-аналармен бірлескен көрме, музыка жетекшілерімен бірлескен «Қайырымдылық жер бетінде» флешмоб, денешынықтыру нұсқаушыларымен «Біз спортшы боламыз» спорттық ойын-сауық, тәрбиешілермен «Сүйіспеншілік – өмір негізі» жалпы республикалық ашық сабақтар өткізілді.