АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "АРМАН" БӨБЕКЖАЙЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
 ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ " ЯСЛИ- САД   "АРМАН" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мейрамын құтты болсын, жан анам!

06.03.2020

Халықаралық әйелдер күніне орай балабақшада ертеңгіліктер өткізілді.

Нұрын шашқан күнімсің ғой жан анам,
Бар шуағын баласына арнаған.
Бір өзіңнен қуат алып өмірде
Сенің салған сара жолды жалғағам.

Айымсың ғой жарық қылар түнімді,
Жұлдызымсың сәнді еткен көгімді.
Бір Алладан саулығыңды тілеумен
Атқызамын әрбір ғажап күнімді.

Қымбат жансың, мен үшін ең асылсың!
Аллам сенен жамандықты қашырсын.
Әкемменен мәңгі шалқып бақытқа
Жастарыңды жүзден дағы асырсын!

Тілегімнің бастауы да бір өзің,
Мейiрiмге толы мынау нұр жүзің.
Сен жанымда болған кезде әр сәтім
Жаздай жайлы қысым менен сұр күзім.

Бақытымсың, жаным анам, жан анам,
Мен өзiңдi періштеге балағам.
Ауырмашы, қартаймашы ешқашан!
Мақсатыңа жетші әр кез қалаған.

Өзіңсің ғой өмірімнің тірегі.
Аман жүрсең, маған сол гой керегі.
Бақытты бол, ауырма деп тілейді
Сәбиiңнiң жұдырықтай жүрегі!

 

 

 

Просмотров: 366


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст