АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "АРМАН" БӨБЕКЖАЙЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
 ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ " ЯСЛИ- САД   "АРМАН" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қош келдің Жаңа Жыл».

22.01.2018

Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы №1 «Арман»

бала бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

 

 

                          

 

                               Тақырыбы: «Қош келдің Жаңа Жыл».

                                        № 2 «Балдырған» II кіші топ

 

 

 

 

                                                                                   

Өткізген: Атетова З.Е

                  Анасова Г.А

 

 

 

 

                                               Көкшетау 2017

                               Қош келдің Жаңа Жыл!

Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың ,кейіпкерлердің киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым – қатынастыояту, бірлескен ойындар ойнату.

Музыка ойнап тұрады.

Жүргізушілер:

Атетова Зарина Ериковна

                          

Анасова Гульзада Абилгазиевна

Кейіпкерлер: Аяз

ата –  Аугапасова Лаура Темірбековна

                        

Ақшақар – Авдолла Ақжібек

                        

Сиқыршы – Жакенова Айнаш Жоламановна

                        

Әтеш- Жамағат Сапар

                        

Ит – Атетова Зарина

Балалар әсем әуен ырғағымен залға кіріп,шыршаны бір айналып,шыршаның алдына келіп тұрады.

1-жүргізуші:Құрметті ата-аналар,балалар  және әріптестер!Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!Жаңа жыл сіздерге табыс,молшылық,жақсылық,қуаныш әкелсін.Тәрбиелеп өсіріп отырған ұл-қыздарыңыздың дені сау,үлкен азамат болып өсулеріңе тілектеспіз.

2-жүргізуші:

Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар!

Таңырқап кеп тұрмаңыздар.

Сәнді шырша шақырады

Келіңіздер,келіңіздер.

Қызығы мол Жаңа жылдың

Тамашасын көріңіздер.

Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық.

Келіңдер, сән құрып тұрып, қол ұстасып жүріп ән салайық.

Ән«Ақшақар»

1- Жүргізуші: Жарайсыңдар,қандай әдемі өлен! (Шыршаның жанына жақындап келіп) бәрекелді,қараңдар балалар,шыршаның астыңда бірдеңі

тұр!Сыйлық! Сыйлық алу қандай тамаша,келіңдер,балалар,сыйлықты ашып көрейік. (көңілді музыка ойнайды,қорапты ашады,оның ішінен сиқыршы шығады.)

Сиқыршы:

Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмің сиқыршымын.Мені ораудан алыпшыққандарың қандай жақсы болды!ол жерде тар,әрі қап-қараңғы.Ал,мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жалды қарсы алайыншы.Қарсы болмайсындарма?

Балалар:

Жоқ.

2-жүргізуші: Ал,

балалар сиқыршының көңіл күйін көтерейік.Ал, кім бізге жаңа жылға арналған тақпақтарын айтып береді екен

  Расул:

Жаңа жыл Жаңа жыл

Жаңа жылға жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр

Альдаир:

Жаңа жыл келгенде

Қуанып қарсы аламыз

Аяз ата келгенде

Би билейміз,ән саламыз

Алинур:

Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле төрле Жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын

Айя:

Ақ қар жапты даланы

Ақ жамылды айнала

Жарқыратып шамдарын

Шырша келді ортаға

Сиқыршы:

Жарайсындар балалар.Тақпақтарын маған өте ұнады.Балалар білесіңдерме мен ойнағанды қатты жақсы көрем. Сендермен бірге қызықты ойынды ойнайыншы!

Ойын:«Қар жинау»

Ойын шарты:Балалар шашылып жатқан қарларды жинап,себетке салу керек.

Сиқыршы:

Балалар сендерге көп рахмет.Маған сендермен ойын ойнап би билеген қатты ұнады.Мен енді басқа балаларды қуантуым кекрек.Сау болыңдар балалар!

Би:«Жаңа жыл»

2 -Жүргізуші:

Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар, ата - аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді, біздің жаңа жылдық мерекемізге кім жетпейді?

Балалар: Аязата, Ақшақар.

1-Жүргізуші:Қане,бәріміз дауыстап  Аязата мен  Ақшақарды  шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.

Балалар: Аязата, Ақшақар (деп 2 рет айтқанда, есік ашылады да аяз ата кіріп келеді.

2- Жүргізуші: Аязата мен  Ақшақар келе жатыр ғой деймін, қол соғып қарсы алайық.

Аязата: Амансың ба ұлдарым,

Амансың ба қыздарым.

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем әндерің.

Асулармен алысқан

Асау желмен жарысқан.

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан.

Ақшақар:Аспан жерге төгеді,

Ақшақармен сүйкімді.

Сол себептен сүйкімді,

Мені жақсы көреді.

1-Жүргізуші:Қош келдіңіздер !Аяз ата мен Ақшақар,алыс жолдан шаршап келген шығарсыңдар.Мына жерге жайғасып,біздің балалардың сіздерге дайындаған өнерлерін тамашалаңыздар.

Ақшақар: Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Аяз ата балалардың өнерлерін көрмес бұрын шыршамызды жарқыратып алайық

Аяз ата: Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық.

Балалар:

1,2,3 шырша шамдарынды жарқырат.

2-Жүргізуші:Әнді қабыл алыңыздар.Қол соғып қошемет көрсетіп отырамыз.

Ән: «Кішкентай шырша»

1- Жүргізуші:

Ал, қане балалар енді аяз ата мен ақшақарға арналған тақпақтарымызды айтайық.

Алдияр:

Ауыл маңы қар аппақ

Қызықтар көп не түрлі

Ақ дәптерді парақтап

Қыс отырған секілді

Алихан:

Аю отыр партада

Екі қолы қалтада

А деді,б деді

Сосын пух-пух-пух  дейді

Інкар:

Оралды өлкеме

Жаңа жыл, армысың!

Оранды ақ көрпе

Асқар тау, қарлы шың

Алишан:

Жапалақтап ақша қар

Жауды күнде қайталап

Қырға шықты балалар

Шаңғыларын арқалап

  

Мансұр:

Тоғай да ,баулар да

Ақ күміс жабылды

Далада да,Тауда да

Өзіңді сағынды

1-Жүргізуші:

Бізді байтақ далада,

Асқар тауда қалада.

Биыл ғажап іс болды,

Таң ғажайып қыс болды.

Әтеш: (Әтеш жылап келеді) Сәлеметсіңдерме, балалар!Менің жылым осымен аяқталуға жақын қалды.Мен сендермен қоштасып,сендерге жаңа ит жылымен таныстырғым келіп тұр.Итті ортаға шақырайық.

Иттің құттықтау сөзі.

Ойын: «Шырша мен бұршақ»

1-Жүргізуші:Құрметті қонақтар!Біздің балаларымыздың тақпақтарын тамашалайық.

Самира:

Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген

Қандай әсем шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз

Арлан:

Жаңа жылды қарсы алдың

Мініп алып күймеге

Мен де бүгін ән

салдым

Бауыржан:

Аяз ата келіп тұр

Бізге сілем беріп

тұр

Бір қолында шиколад

Бір қолында

мармелад.

Әсел:

Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын жаңа жыл

Ата-әже, әке-шеше

Құтты болсын жаңа жыл

Али:

Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып

Ақшақар:Ата мен би билегім келеді.Билеуге болама маған.

1-Жүргізуші:Әрине болады.Балалардың биін тамашалайық.

Би:

«Ұлпақарлар»

Ән:

«Хор әні»

1-Жүргізуші:Аяз

ата біздің балаларымыздың өнерін тамашаладыңыздар,балаларға әкелген сыйлықтарыңыз барма?

Аяз ата:Балалар сендер өте өнерлі екенсіңдер.Менің сендерге әкелген сыйлықтарымды қабыл алыңдар.Топқа барған соң апайларың сендерге табыстайды.

1- Жүргізуші: Құрметті қонақтар енді ертеңгілігіміздің соныңда Аяның мамасының орындауында жана жылдық ән шәшуін қабыл алыңыздар.

Ақшақар:

Мінекей, балалар, сендермен қоштасатын да кез келді.

Сендерді қимай тұрмыз, барлығың да көңілді, әдемі бала екенсіңдер.

Аязата:

Жаңа жылда, балалар, тек қуаныш көріңдер.

Ауырмаңдар ешқашан, мықты болу өзіңнен.

Біздің басқада балаларға баруымыз керек.Сау болыңдар.

1-Жүргізуші: Құрметті қонақтар осымен біздің жаңа жылдық ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті.Келесі кездескенше сау болыңыздар.

 

 

 

 

 

 

 

 



Просмотров: 549


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст