Мақсаты:Балаларға Тәуелсіздік
мерекесі туралы жалпы түсінік беру;тіл мәдениетін жетілдіру,білімдерін
өлеңдермен,әндермен байыту;өз республикасын танып білуге,жақсы көруге,Отанына
,туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру,патриоттық сезімге,отансүйгіштікке
тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері:
Армысың,ардақты Аспан ата!
Армысың,мейірімді Жер-Ана!
Армысың,шұғылалы Алтын күн!
Қуант бізді,таңырқат,
Қуанатын күн бүгін!
Сабақтың барысы:Сабақ Қазақстан
Республикасының мемлекеттік гимннен басталады.(Балалар орындарынан тұрып гимнді
айтады.)
Слайд көрсету.
-Біз қандай мемлекетте
тұрамыз?
-Қазақстан Республикасы.
-Еліміздің астанасы қалай
аталады?
-Астана.
-Астанада қандай әдемі
ғимараттар бар?
-Бәйтерек,Ақорда,Ханшатыр,Пирамида,Астана
вокзалы т.б
-Ал,кім маған Астана туралы
тақпақ айтады?
Адия
Гүл жайнаған Астана-
Қазақстан Отаны.
Бірін-бірі сыйлаған
Туысқандар Отаны.
Сабина:
Отанымның төрінде
Сарыарқаның өрінде
Ту ұстаған Астанам
Әсем қалам бас қалам!
Айым:
Астана ақ қала
Ақ мәр-мәр пәк қала
Шарықтап,қарыштап
Шалқи бер шаттана
-Өте жақсы, жарайсыңдар.
-Тәуелсіз мемлекетіміздің
Елбасы кім?
-Тәуелсіз мемлекетіміздің
Елбасы Н.Ә.Назарбаев.
-Ол қай қалада тұрады?
-Астана қаласында
-Астана қаласында қайда жұмыс
жасайды?
-Ақордада
-Кім маған елбасы туралы
тақпақ айтып береді?
Мадина:
Ел басқарған Нұрсұлтандай
атам бар
Көк алқапты жасыл жайлау
далам бар
Ел бірлігін,ел тірлігін
тілеген
Ақ ниетті халық деген данам
бар.
-Өте тамаша.
-Қазақстанның рәміздері қандай?
-Ту,елтаңба,гимн.
-Көгілдір тудың авторы кім?
-Көгілдір тудың авторы:Шәкен
Ниязбеков
.-Туда не бейнеленген?
-Тудың көгілдір түсі бұлтсыз
ашық аспанды,бейбітшілікті білдіреді.Бүркіт тәуелсіздіктің белгісі.Ою-өрнек
-халықты көркемдік талғамын белгісі.
-Елтаңбаның авторлары ше?
-Елтаңбаның авторлары:Шота
Уалиханов,Жандарбек Мәлібеков
.-Елтаңба да не бейнеленген?
-Шаңырақ-ошақтың амандығын
білдіреді.Тұлпар-батырлық,қажырлық нышаны.Жұлдыз-жарықты білдіреді.
-Гимннің
авторлары:Н.Ә.Назарбаев,Ж.Нәжмеденов,әнін жазған Ш.Қалдаяқов.
Ал,балалар гимнді салтанатты
жиындарда,мемлекеттік іс-шараларда айтылады.
-Өте дұрыс
айтасыңдар,балалар.
Рәміздерге арналған
тақпақтар:
Ару:
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат, әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі
Томирис:
Көк байрағы бабамның
Бүгінгі ұрпақ алауы
Тірегі әке, баланың
Қазақастан жалауы.
-Қазақстан қандай мемлекет?
-Қазақстан Тәуелсіз мемлекет.
-Тәуелсіздікке биыл неше жыл
болды?
-Тәуелсіздікке биыл 24 жыл
болады.
Асылжан:
Он алтыншы желтоқсан-
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекені ел тосқан,
Атамменен барған күн.
Он алтыншы желтоқсан-
Тәуелсіздік алған күн
Мерекеде ел тосқан,
Шырқатып ән салғанмын.
Айғаным:
Он алтыншы желтоқсан-
Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше болып мәңгілік,
Ел жанында қалған күн.
Мерекеге шығады,
Бүкіл халық біліп қой.
Отандастар ұғады,
Тәуелсіздік ұлы той.
Біздің туған еліміздің,туған жеріміздің
егеменді ел болып,тәуелсіз алғанына 24 жыл толыпты.1986жылы 17 желтоқсанда
таңертең Алматыда жаппай толқу басталды.Жастар алаңға жинала бастады.Алаңда
«Біз,қазақ,ежелден еркіндің аңсаған», Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын!»,
«Тәуелсіздік керек!»деген ұрандар айтылды.Өз елінің тәуелсіздігін талап
етіп,шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар,ұлтшылдар нашақорлар»деген кінә
тағылды.Қөптеген студент жастар түрмеге қамалды,оқу орнынан
шығарылды.Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков,Ләззат Асанова,Ербол
Сыпатаев,Сәбира сияқты қазақ жастары желтоқсан
кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп,құрбан болды.
Енді,Отан туралы қандай
мақал-мәтел білесіңдер?
1Отан оттан да ыстық
2Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
3Отансыз адам-ормансыз
бұлбұл.
Жарайсыңдар балалар.
Сергіту сәті:
Ән «Отан».
Ал, енді балалар айтыңдаршы
Отан дегеніміз не?
-Біздің Отанымыз
-Қазақстан.Тұратын жеріміз,туған үйіміз,халқымыз.
Отан туралы тақпақтар:
Әбілмансур:
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің-Қазақстан
Мәңгі соғып тұратын
Жүрегімсің-Қазақстан.
Өте жақсы балалар,рахмет
сендерге.
Ұжымдық жұмыс «Болашақ та
Қазақстанды қалай көреміз?»
Балалар Отанға,елімізге жақсы тілектер айтайықшы.
-Қазақстанымыз гүлдене
берсін.
-Еліміз тыныш болсын.
-Әрқашан күн сөнбесін.
-Аспанымыз ашық болсын.
-Табиғатымыз сұлу болсын.
-Бәріміз бақытты болайық.
-Астанамыз көркейе берсін.
-Елімізде достық,бірлік
болсын.
-Нанымыз көп болсын.
-Елімізде бейбітшілік болсын.
-Бәріміз дос болайық.
Бәрі бірге:Ризамыз,ризамыз
бүгінге,
Ризамыз ,ризамыз қазірге.
Ән «Желтоқсан»
Тәрбиеші:Тәуелсіздік күні
құтты болсын!Елімізде бейбіт,тыныш заман болсын!
№1 «Арман» бала бақшасы
«Тәуелсіз елім - Қазақстан!»
(Тақырыптық сабақ)
Тәрбиеші:Аугапасова Л.Т