Тақырыбы: «Елін сүйген Елбасы»
Мақсаты:
Білімділік: Болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұмат беру
Дамытушылық: Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру.
Тәрбиелік: Ел Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бола білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер, слайд.
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап,аппликация.
Сөздік жұмысы: егемен, тәуелсіз, елбасы.
Барысы:
І.
Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбер
Қуанамын менде,
Қуанасың сенде,
Қуанайық
достарым.
Арайлап атқан
күнге.
(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады)
ІІ. Негізгі бөлім
Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Елін сүйген Елбасы» деп аталады.
Тәрбиеші:Балалар, бүгін бізде үлкен мереке, біз тұңғыш президент күнін атап өткелі отырмыз. Біз сендермен тәуелсіздік мемлекетте өмір сүреміз. Тәуелсіздік дегеніміз, ол біздің еркіндігіміз, рәміздеріміз, жеріміз.
-Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?
-Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
-Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
Астана қаласы.
-Қазақстан Республикасының президенті кім?
-Қазақстан Республикасының президенті
Н.Ә.Назарбаев.
Балалар, сендер тәуелсіз қазақ елінің жас ұландарысыңдар. Сондықтан өз жерімізді өз елімізді, сүюге, қорғауға тиіс екендеріңді естен шығармайық. Балалар, сендер Отан не екенін білесіңдер ме? Отан – біздің сүйікті отбасымызбен біз тұратын үйіміз, туған жеріміз, ауылымыз, қаламыз, айналаны қоршаған табиғатымыз. Сендер өз ата- аналарыңды қалай сүйсеңдер,Отанымызды да солай сүю керексіңдер.Өйткені Отан ол біздің ата-анамыз.
Тәрбиеші: Балалар, сендер ең басты мемлекетіміздің рәміздерін білуге тиіссіңдер. Өз еліңнің Туын, Елтаңбасын және Гимнін құрметтеу өз Отаныңды сыйлағаның.
-Балалар, біздің жеріміз ол Отанымыз. Отанымызды сүйе білейік.
- Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің белгісі.
Слаид көрсету.
- Рәміздер – халқымыздың рухани, ұлттық салт санасын болашаққа үмітін, арман - тілегін жеткізетін құнды белгілер.
- Мемлекеттік рәміздер:
Гимн, ту,елтаңба.
Гимн салтанатты кештерде, жиындарда, спортшылар жеңіс тұғырына көтерілгенде орындалады. Гимнді барлық бала білеміз.Гимнді шырқағанда тыныш тұрып, оң қолымызды жүрегіміздің тұсына апарып жүрекпен тыңдаймыз.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі ол Қазақстан республикасының туы. Біздің туымыз көгілдір түсті, тік
төртбұрышты. Қақ ортасында сәулесін шашқан алтын күн бар ол байлықтың белгісі. Күннің астында Қыран құс бар. Ол Қазақстан қырандай биікке самғасын дегенді білдіреді.
Тудағы ою – өрнек қазақтың ұлттық ою – өрнегі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының авторы суретші Шәкен Ниязбеков.
Біз туымызды құрмет тұтамыз. Балалармен сұрақ –жауап арқылы түсінгендерін пысықтайды.
- Балалар, тудан ненің бейнесін көріп тұрсыңдар?
- Күн, құс пен оюдың бейнесін көріп тұрмыз.
- Иә, өте жақсы, дұрыс айтасыңдар. Ал, енді, балалар, мемлекеттік туымыздың түсі қандай екен?
- Мемлекеттік туымыздың түсі - көк, көгілдір.
- Неге
ұқсайды?
- Аспанға ұқсайды.
- Біздің мемлекеттік туымыз аспан түстес көк екен.
Еңселі Елтаңба.
Мемлекеттік елтаңбаның авторлары танымал суретшілер: Жандарбек Мәлібеков пен Шота - Аман Уәлиханов. Қазақстан Республикасының Елтаңбасы көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады. Одан жан - жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бір бөлігі ертедегі қанатты тұлпар. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш – бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Бидай сабақтары – молшылықтың нышаны.
Сергіту сәті
Көк байрақ желбіре, (Қолды екі жаққа қозғалту)
Асқақтап аспанда. (Қолды жоғары көтеріп, теңселу).
Желбіре асқақтап, (Теңселу)
Сап түзе жасқанба! (Сапқа тұрып марш жасайды).
Тәрбиеші: Мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.
Тақпақтар:
Айханым:
Барша
халық таныған
Біздің,үміт
тілекті.
Шырқалғанда
әнұран.
Шаттық
кернер жүректі.
Азиза:
Айнымайды
аспаннан,
Біздің
тудың бояуы,
Оны
халық қашанда,
Биікке
іліп қояды.
Т.Әмір:
Анаң-күнің,жүрегің,
Әкең-өмір
тірегің.
Сен-бақытты
ұлансың,
Бәрі
саған қуансын!
Адия:
Астана-арман
қала,
Бағы бар
жанған қала.
Тұрады
ел жап-жас боп
Мен
үлкен болғанда.
А.Айсұлтан:
Бір
шаңырақта табысқан
Дос
бауыр көп туысқан
Отан-ортақ
үйіміз.
Көңіл ән
мен күйіміз.
Мансұр:
Отан
деген –атамекен
Отан
деген-туған жер
Отан
ана,Отан үлкен.
Қазақстан-туған
ел.
Алисұлтан:
Кең
байтақ жерім
Тәуелсіз
елім,
Шырұқай
бер,шырқа
Қазақстаным.
«Бәйтерек»
Шарты:
Бәйтеректі құрастырып, желіммен қағазға жабыстыру.
Қорытынды
-Балалар бүгінгі сабақта біз не туралы әңгімелестік?
-Еліміз,тәуелсіздігіміз туралы әңгімелестік.
-Қазақстан Республикасының президенті кім?
-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Қандай рәміздерді білесіңдер.
Гимн,ту,елтаңба.
-Сендер ненің суретін құрастырдыңдар?
-Бәйтеректің суретін құрастырдық.
Тәрбиеші: Тәуелсіздік күні баршамызға құтты болсын. Еңсесін ас қақтатқан Қазақстанымыз жайнап, гүлдене берсін дей отырып тақырыптық
сабағымызды аяқтаймыз.
Ән: «Отан»