АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "АРМАН" БӨБЕКЖАЙЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
 ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ " ЯСЛИ- САД   "АРМАН" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Математика сабағы

05.12.2017

№ 1 "Арман" бала бақшасы

Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі: Ахметова А.К.

Математика сабағы

Білім беру саласы: "Таным"

Бөлімі: Математика

Мақсаты:

Білімділік: 1-10-ға дейін

сандарды қайталап, білімдерін бекіту. Сандарды санап

арифметикалық есептер шығару.

Дамытушылық: Логикалық

ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Зейінділікке, ойшылдыққа, шапшандыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Кеспе сандар, карточкалар, фигуралар.

Әдісі: Көрнекілік, түсіндіру, сұрақ-жауап.

 

Шаттық шеңбері.

Біз

балдырған тең басқан,

Дос

құшағын елге ашқан.

Тілегіміз

тыныштық,

Ашық

болсын кең аспан.

Мықты

болсын іргеміз,

Бәрімізде

біргеміз.

 

Сабақтың

барысы:

Тәрбиеші: Бүгінгі сабағымызды сайыс түрінде өткіземіз.

Математикадан білімдерімізді көрсетейік. Ендеше қазір біз әр түрлі, қызықты

тапсырмалар орындаймыз. Үш топқа бөлініп алайық: 1 топ: дөңгелек, 2 топ:

үшбұрыш, 3 топ: төртбұрыш

Тәрбиеші: Бүгінгі

сайысымыздың кезеңдерімен таныс болайық:

1. Кім шапшаң?

2. Көрші сандарды тап

3. Логикалық есептер

4. Келіңдер, есептейік

5. Кім жылдам?


1. Кім шапшаң.

0-ден 10-га дейінгі сандар шашылып жатады.(9,1,6,3,10,2, 5,7,4,8)

Сандарды рет – ретімен, қай саннан кейін қай сан тұратының қарап, жазып

шығу.( 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7,8,9,10)


2. Көрші сандарды тап

Көрші сандарын  тауып, жазу.( ...2....,

....5...., ....8...., ....9....)

(1,2,3,    4,5,6,     7,8,9,    

8,9,10)


3. Логикалық есептер.

3 қоянның

неше құлақтары бар? ( 6)

Кітап

қалын болса, ал дәптер ше?  (Кітап)

Тас

мақтадан ауыр болса, мақта тастан ше? 

(Жеңіл)

Жаға ға

үйрек тез жүзе ме, әлде әтеш пе?  (Үйрек)

Таңғы

асымызды қашан ішеміз?  (Таңертең)

 Маратта үш мысық, Айнұрда екі мысық Қосқанда

барлығын болады неше мысық?          

(3+2=5)

 Алма ағашта 5 алма

Қандай тәтті жесе алма

Бесеуінде жеп қойсам

Қалады онда неше алма? (5 - 5=0)


Сергіту сәті. 

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы – қырлы жерлермен

Ытқып – ытқып жүгірді.

Қара еді артына

Қиығын сап көзінің

Келе жатқан томпаңдап

Көжегі екен өзінің


4. Келіңдер, есептейік.

Үш топқа үш түрлі есеп беріледі. Есептің шешуін қатесіз, шапшаң шығару.

1 – тапсырма

Дөңгелек ------              Үшбұрыш

------                 Тіктөртбұрыш

1+2= --------------           2+2 =

-----------                   2+1=

2+3= --------------           3+1 =

-----------                   3+2=

5 - 2 = ------------            4 - 2 =

-----------                 5 - 3 =

2 - 1 = ------------            4 - 0 =

-----------                 3 - 1 =


2 – тапсырма:

Ақша санауды үйренеміз. Сол жақтағы ақшаларды санап, оң жақтағы дөңгелектің

ішіне цифрмен жаз

5. Кім жылдам?

-І-топ: Сана да жаз.(суреттер беріледі)

ІІ-топ:5 санының құрамын анықта

ІІІ-топ:3 қызыл машина + 2 көк машина


Тәрбиеші: Сайысымыздың кезеңдері аяқталды.

Балалар сендер барлық тапсырмаларды дұрыс, жылдам орындадыңдар. Сендерге

көп рахмет.

Топтарды

марапаттау.

 

Просмотров: 460


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст