«Әке, шеше және мен, дос боламыз спортпен »
Тәрбие нәрі балабақшадан басталады демекші,олай болса, денсаулықтың қадірін ұғындырып, салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулығы зор, сымбатты отбасын қалыптастыру, ата-аналары мен балабақша арасының тығыз қарым қатынасын байланыстыру мақсатында, «Рухани жаңғырту» бағдарлама аясында № 1 «Арман» балабақшасында «Әке, шеше және мен, дос боламыз спортпен » атты отбасылық спорттық сайыс өткізілді. Сайыста № 10 «Жүлдыз» топтың Мустафиндар отбасы, № 11 «Моншақ» Дарбаевтар, Толекбаевтар, Жакияновтар отбасылар ата-аналары әр түрлі тапсырмаларына «Кім тез», «Құрсаумен допты домалату», «Өрмекші», «Ұңгірден өту», «Балық аулау», «Ұй құрастыру» сайыстарға белсене қатысып өздерінің ептіліктерін, жылдамдлықтарын, күш-қуаттарын көрсете білді. Ал балаларымыз болса өздерінің степ-аэробикасын көрсетіп көрермендерді таң қалдырып, көңілінен шыға білді. Осы мерекелік іс-шарада көрермен балалар мен қатысушылар флешмоб биін билеп ары қарай марапаттау кезеңімен сәтті өз мәресіне жетті.
№ 1 «Арман» балабақшасы дене шынықтыру нұсқаушылары Накенова К.Е, Мейрамбек Т.