Ұсақ
моторика-бұл ұсақ бұлшық еттің қатысуымен
жасалатын іс-қимылдың түрлілігі. Бұл
қимылдар жай рефлекс болып есептелмейді,
мысалға жүру, жүгіру, секілу секілді,
олар арнайы дамуды қажет етеді.
Баланың
ұсақ моторикасының дамуы оның жалпы
физикалық дамуымен байланысты. Сол
себепті балаға түрлі физикалық жаттығулар,
денешынықтыру қажет. Баланың саусақтарына
пластелинмен жұмыс, сурет салу және
бояу, аппликацияларды жасау, қайшымен
жұмыс, түйме тігу, ұсақ бөлшектерді
құрау өте қажет. Қосымша, арнайы сабақтар
тілі дұрыс дамымаған балаларға қажет,
себебі тіл дамуы мен ұсақ моториканың
дамуының арасында тығыз байланыс бар.
Сол себепті саусақтарды жаттықтыру
инттеллектіні көтерудің, тіл дамуының
және оны жазуға дайындаудың басты құралы
болып келеді.
1-сабақ.
Міндеті:
коммуникативті
дағдыларды, ұсақ моториканы дамыту.
Құралдар:
қарандаш және суреттері бар материалдар.
Сабақ
барысы
Амандасу.
Балалар
амандасып болғасын балаларды белсендіру
ушін ойын ойнауға болады. «Біз не үшін
жақсы көреміз...?»
1-жаттығу.
Ұсақ
моториканы дамыту үшін гимнастика.
Сергіту
сәті. Ойын. «Шатастыру
Балалар
әр суретте үлгіге ұқсас бейнені тауып
оны ұқыпты түрде айналдырып белгілеу
керек. Қарындашты парақтан ажыратпауы
тиіс.
Қоштасу.
Үй
тапсырмасы. Қайталау.