АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "АРМАН" БӨБЕКЖАЙЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
 ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ " ЯСЛИ- САД   "АРМАН" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ағылшын тілін үйрену

17.02.2017

«Ағылшын тілін ерте жастан үйрену»

Мақсаты: Ата – аналарға ағылшын тілінің ерте жастан үйрену қажеттілігінің маңыздылығын айту.

Қазақстан Республикасының білім туралы Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - деп атап көрсетілген. Қазақстан Республикасының  тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін меңгертуді жолға қою мақсатында мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту қолға алынып отыр.

Мектепке дейінгі балаларға шетел тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін, оқушылардың  қызығушылығын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ересек балаларға  қарағанда,олардың  есте сақтау қабілеті де жоғары. Мектеп жасына дейінгі балаларға шетел тілін оқыту олардың танымдық және әлеуметтік белсенділігінің, өзіндік әрекет жасау қабілеттілігінің  және өзіне деген сенімінің артуына  ықпал етеді.

Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, баланы жан-жақты дамытатын, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі күннің ең басты талабы. Алдағы уақытта 12 жылдық білім жүйесіне көшкен кезде оқу ұйымдарында кей пәндер ағылшын тілінде өтілетін болады. Сондықтан баланы ерте жастан ағылшын тіліне бейімдеу қажет. Бұл тілді үйренуде мектеп жасына дейінгі балалардан бастаған қолайлы. Неғұрлым көп естіп білуге ынталанған балалардың еске сақтау қабілеті соғұрлым жоғары дәрежеде дамиды. Ал ерте жастан балаға көңіл аудармай оның жан-жақты дамуына көмек жасамасақ оның ақыл-ой, қабылдау, есте сақтау қабілеті баяу дамиды. Себебі, баланың дамуы кішкентайынан бастап қалыптасқандықтан, тілді үйрету мәселесін де ерте бастаған тиімді екені айтылуда. Алайда, мектепке дейінгі жастағы балаларға ағылшын тілін үйрету барысында олардың қызығушылықтарын оята отырып, ауызша сөйлеудің алғашқы дағдыларын қалыптастыру қажет.

Мектепке дейінгі жас шет тілін оқытуға өте қолайлы кезең. Себебі бұл жастағы балалар тілдік құбылысты қабылдау қабілеттілігімен ерекшеленеді: оларда өзінің сөйлеу тәжірибесін, тіл құпияларын байқау қызығушылығы пайда болады. Олар лезде берілген шағын материалды меңгеріп алып, оны өте жақсы кері айтып бере

алады. Балалардың жасы қосылған сайын мұндай факторлар өзінің күшін жоғалта бастайды.

Ерте кезден оқыту тілдік кемшіліктерді жоюға және болашақта тілді тез игеруге көмектеседі. Бала тез есте сақтау үшін ойындар, тез жатталатын сөздері ұйқас тақпақтар, өлеңдер үйреткен тиімді. Балаға ойын барысында тіл үйрену қызықтырақ болады. Балаларға жас ерекшеліктеріне сай тілді меңгерту басқа халықтың мәдениетін білуіне жол ашады.

Ерте жастан ағылшын тілін оқыту балалардың:

- шетел тілін үйренуге қызығушылығын;

- танымдық  қабілетін;

-өзіндік шығармашылық әрекетін;

-ұйымда қызмет жасай алу қабілеттілігін;

-үйірімділік қабілетін;

-елестету мүмкіндігін;

-есте сақтау қабілетін;

-мектеп өміріне бейімделушілігін  жетілдіруге мүмкіндік береді. 

Жоғарыда айтылған қасиеттерді балабақшадан, бастауыш мектептен бастап оқытуды бастау қажеттілігі дәлелдей түседі. Мектеп жасына дейінгі балаларға оқыту сатысында ауызша сөзді дамыту одан арғы ауызша базаның дамуында әсерін тигізеді. Ауызша сөз басқа да іскерліктердің дамуына негіз болып табылады. Ағылшын тілін ерте жастан оқытуда мотивацияның рөлі зор екені айдан анық. Жасөспірімдердің тілге деген қызығушылығын дамыту негізгі шарт. Қызығушылық тұлғаның белгілі бір әрекетте, затқа эмоционалды қатынасы болғандықтан, зейін машықтанады, ойлау терең болып, тілдік материал ойда ұзақ уақыт сақталады. Оқу үдерісінің қызықты, тартымды болуы, эмоционалды редакдакциялардың көп болуы, ағылшын тіліне деген қызығушылықты арттырады.

Мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін оқытудың басты мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады.  Мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады,оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді. Ал, әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Қазір ағылшын тілін білу – уақыт талабы.

Ата-аналарға арналған лексикалық бірліктер

Good

Жақсы

Хорошо

Tired

Шаршау

Уставать

Hungry

Аш

болу

Быть

голодным

Bad

Нашар

Плохо

Jump

Секіру

Прыгать

Run

Жүгіру

Бегать

Dance

Билеу

Танцевать

Fly

Ұшу

Летать

Climb

Өрмелеу

Лазить

Mother

Ана

Мама

Father

Әке

Папа

Grandfather

Ата

Дедушка

Grandmother

Әже

Бабушка

Brother

Аға

Брат

Sister

Әпке

Сестра

Baby

Сәби

Ребенок

Doll

Қуыршақ

Кукла

Ball

Доп

Мяч

Cat

Мысық

Кот

Car

Машина

Машина

Dog

Ит

Собака

Tiger

Жолбарыс

Тигр

White

Ақ

Белый

Green

Жасыл

Зеленый

Blue

Көк

Синий

Red

Қызыл

Красный

Yellow

Сары

Желтый

Orange

Қызғылт-сары

Оранжевый

Brown

Қоңыр

Коричневый

Black

Қара

Черный

Autumn

Күз

Осень

Rain

Жаңбыр

Дождь

Leaf

Жапырақ

Лист

Tomato

Қызанақ

Помидор

Cucumber

Қияр

Огурец

Onion

Пияз

Лук

Potato

Картоп

Картошка

Cabbage

Орамжапырақ

Капуста

Carrot

Сәбіз

Морковь

Grape

Жүзім

Виноград

Apple

Алма

Яблоко

Pear

Алмұрт

Груша

Orange

Апельсин

Апельсин

Horse

Жылқы

Лошадь

Pig

Шошқа

Свинья

Sheep

Қой

Баран

Cow

Сиыр

Корова

Rabbit

Үй

қояны

Кролик

Goat

Ешкі

Коза

Hare

Қоян

Заяц

Wolf

Қасқыр

Волк

Fox

Түлкі

Лиса

Bear

Аю

Медведь

Lion

Арыстан

Лев

Elephant

Піл

Слон

Winter

Қыс

Зима

Snow

Қар

Снег

Snowman

Аққала

Снеговик

Dish

Ыдыс

Посуда

Plate

Тәрелке

Тарелка

Spoon

Қасық

Ложка

Knife

Пышақ

Нож

Fork

Шанышқы

Вилка

Bread

Нан

Хлеб

Sugar

Қант

Сахар

Milk

Сүт

Молоко

Tea

Шай

Чай

Meat

Ет

Мясо

Ice-cream

Балмұздақ

Мороженое

Jam

Тосап

Варенье

Sweet

Кәмпит

Конфета

Dress

Көйлек

Платье

Shirt

Жейде

Рубашка

Jeans

Джинсы

Джинсы

Costume

Костюм

Костюм

Cock

Әтеш

Петух

Hen

Тауық

Курица

Chicken

Балапан

Цыпленок

Goose

Қаз

Гусь

Duck

Үйрек

Утка

Swan

Аққу

Лебедь

Dowe

Көгершін

Голубь

Sparrow

Торғай

Воробей





Просмотров: 464


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст