Ата-ананың бас қуанышы— бала. Ата-ананың басты қызығы, алтын тіреу діңгегі-бала. Дүниеге келерінде де, келген соң да әке-шешесін бірден татулыққа, сыйластыққа, ынтымаққа шақырып, ата-ана көңілін жақындастыра түсетін — бала.
Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта. Қоғамдағы отбасының мақсаты баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру.
Отбасы салт-дәстүрлердің, үлгі -өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда, бала алғаш рет өмір жолымен танысып, моральдық, рухани нормаларды игереді.
Отбасында басты мәселелердің бірі-баланың тіршілік іс-әрекетін ұйымдастыру. Ол үшін баланың күн тәртібі, жеке басына қойылатын тлаптар, міндеттер,
үй еңбегіне араласуы, білімі, қызығушылықтары, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруына көмектесіп, ықпалынтигізу.
Бала тәрбиесі өте күрделі үрдіс. Оның күрделігі бесіктен бастау алып, үнемі уақытпен, бала көңіл-күймен және қабілетімен, икемділігімен, қадағалау қажеттіліктерімен ұғынылады. Тәрбие баланың кішкентай сәби кезінен бастап кәрілікке дейін бірнеше кезендерді қамтып өтеді екен:
1. Нәресте ана құрсағынан шыққан сәбилік кезеңі.
2.Бүлдіршін балалық кезеңі
3. Қоршаған ортамен танысу
4.Бала-бақша, мектеп, тағы сол сияқты оқу орындары.
5.Жұмыс орны
6.Кәрілік кезең. Бұл кезеңдер өзіне сай ерекшеліктерімен адам өмірінің сатылары болып табылады.
Халқымыз «Ұяд не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп айтады. Бала әрқашанда ата-анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата-ананы өмірдің тірегі санайды. Ата-ана -отбасындағы жетекші тұлға, бала тәрбиенің қамқоршысы, өнегесі.
Ата-ана өзінің міндеті мен жауапкершілігін жақсы білуі тиіс. Ал ата-ананың міндеті мен жауапкершілігі төмендегідей:
Ата-ананың міндеті
1. Мәдениетті адам тәрбиелеуге және өз баласын адал өмір сүруге бейімдеуге міндетті.
2. Білім алуына көмектесуге міндетті
3.Жүйелі білім алуына жағдай жасауға міндетті.
4.Баланың өміріне, денсаулығына зиян келетін темекі, арақ т.б. улы заттарды қолданбауға, балаға зиянды екенін түсіндіруге міндетті.
5. «Баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше білім беріп қина, он төрттен кейін үлкен азамат деп сыйла», - деген қағиданы берік сақтауға міндетті.
Ата-ананың жауапкершілігін
1. балаға деген адамгершіліксіз әрекет жасағаны үшін жауапты
2.Бала тәрбиесі үшін қабылданған барлық қаулылардың орындалмағанына жауапты.
3.Кәмелеттік жсқа жеткенге дейінгі баланың саламатты өмір салтына сай тәрбие алуына жауапты.