АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "АРМАН" БӨБЕКЖАЙЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
 ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ " ЯСЛИ- САД   "АРМАН" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балабақша - бақыт мекені

27.01.2017

Баймендина Гаухар Қайырғожақызы

Балабақша – бақыт мекені

Қазақ халқы қай уақытта болмасын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Сондықтан тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, болашақ ұрпақты саналы

тәрбиелеу үшін тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, қарастыру әрбір ұжымның тапқырлығы мен іскерлігін, ізденімпаздығы мен шығармашылығын талап етеді.

Балалар санының көптігіне қарамастан балабақшада балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған. Оқу-әдістемелік және тәрбиелік мәні бар шараларды өткізуге балабақшада барлық жағдай жасалған. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай оқу-көрнекілік құралдары жеткілікті. Балабақшада балалардың денсаулығына, жан-жақты дамуына нақты көңіл бөлінеді. Балалардың сөйлеу, есте сақтау, ақыл-ой қабілеттерін, дене бітімінің дұрыс дамуына бағытталған оқу-тәрбие шаралары бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүйелі түрде өткізіліп отырады. Әр топта оқу іс-ірекеттері мемлекеттік стандарттарға сәйкес сәйкес, б № 1 «Арман» балабақшасының тәрбиешісіалалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, жоспарлы және күнделікті өткізіледі.

Қазіргі таңда №1 «Арман» балабақшада 46 педагог қызмет етеді. Үш жүзден астам балдырған он алты топ­қа бөлінген. Баланың жасына сай сабақтар, сонымен қатар қосымша ағылшын, орыс тілі пәндер оқытылады. Ән-күй, дене тәрбиесімен айналысатын арнайы залдар жұмыс істеп тұр. Бүлдіршіндерді би өнеріне баулимыз.  Ұжымда тәжірибелі педагогтар бүлдіршіндердің танымын кеңейтіп, бірлікке, ынтымаққа, достыққа шақырып, білімдерін ән-бимен, өлеңмен, бейнелеу өнерімен ұштастыруда. Олардың туған жерін сүюге, өз елінің патриоты болып өсуіне барынша жағдай жасалған. Балабақша ұжымы облыс, қала көлемінде ұйымдастырылып отыратын байқаулардан қалыс қалған емес. Бірнеше рет алғыс хат, мадақтау грамоталарымен марапатталып келеді. Елдің ертеңгі тірегі – балдырғандырымыз. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс. Қазіргі таңда тәрбиешілер қауымына үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Бала тәрбиесі – баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаның да, мектептің де мақсат-мүддесі біреу, ол – заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу.

Балабақша балалық пен жастықтың ордасы. Балабақша бізге өз мүмкіндігімізді толық көрсетуге, баламен бірге балаша ойнауға, ойлауға, еркелеуге, қиял әлеміне шарықтауға, ертегілер еліне саяхат жасауға мүмкіндік береді. Біздің мамандығымыз - бұл біздің өмір жолымыз. Балабақша бізге балада бар ең нәзік – бала жан дүниесін сезінуге, аялауға, бағалауға үйретеді. Балабақша баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуында ерекше орын алатын сатысы. Балабақшаның әр кірпіші, әр бұрышы ешқашан ескірмейтін мейірім мен сүйіспеншіліктен тұрады. Балалардың күлкісі мен мейірімі арқасында біздің балабақша жыл өткен сайын гүлденіп, көркейіп, жасара түсуде. 
Балабақшаның жүрегі - музыка залы. Ол балалардың күлкісінен қуат алады. Педагогтардың балаға қуаныш силауға, талмай еңбек етуге деген тілегі мен талпынысы

балабақшаны мейірімділік пен сүйіспеншілік аймағына айналдырды. Педагогтардың кәсіптік деңгейі - балабақшаның қаңқасы. Кәсіптік қызметімізде бізге көмектесетін

бақшадағы әр тәрбиешінің шығармашылық белсенділігі, жаңалыққа құмарлығы. Жаңашылдық пен ізденімпаздық-міне біздің мекеменің басты ұстанымы осылар!

Бұл тұрғыда жүйелілік пен ізденушілік үлкен орынды алады. Педагогикалық шеберлік педагогтың әдіс-тәсілдерді меңгерудегі білік-дағдыларына тікелей байланысты. Педагогикалық шеберлік - өскелең ұрпақты тәрбиелеу өнері.Біздер балаға қиындығы мен қарама - қайшылығы мол өмірді, қоршаған ортадағы құбылыстарды түсінуге көмектесуіміз қажет. Тек педагог ғана бала жанының қаншалықты сезімтал, ұғымтал екендігін бағалай біледі. Біздің балаға береріміз - махаббат, сүйіспеншілік, мейірім,

қамқорлық.  Бойымыздағы бар білімімізді, асыл қасиеттерімізді періште бөбектерге арнай білсек, олардың жүрегіне жол тауып, өзіндік «мені» бар дәрежеге жеткізсек, Отанды, адамзатты сүюге тәрбиелесек – міне, біздің балабақшамыздың нағыз мейірім алаңына айналғаны. Сондықтан да күн сайын «Арман» балабақшасы өзінің кішкентай ұл, қыздарына есігін мейіріммен айқара ашады











Просмотров: 1780

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст