АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "АРМАН" БӨБЕКЖАЙЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
 ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ " ЯСЛИ- САД   "АРМАН" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Тәуелсіздік елімнің-тілегі"

23.01.2017

Ұйымдастырылған

оқу қызметінің технологиялық картасы

№2 «Балдырған» ортаңғы тобына арналған

Күні, айы, жылы: 13.12.16ж

Тақырыптық сабақ

Тақырыбы: «Тәуелсіздік елімнің – тілегі»

Мақсаты:

Білімділік: Балаларға Тәуелсіздік мерекесі туралы түсінік беру. Отан туралы білімдерін арттыру, Қазақстан Республикасы туралы түсініктерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Өлең, тақпақтар арқылы ой-өрісін кеңейту, сөздік қорларын молайтып, тілдерінің дамуына ықпал ету.

Тәрбиелік: Балаларды елін, жерін құрметтейтін, адамгершілігі мол, өз Отанын сүйетін азамат болуға тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілдер: түсіндірме, сұрақ - жауап, ойын.
Қолданылатын көрнекі құралдар: ҚР рәміздері, слайд, нақыл сөздер, гүлдер, шарлар, батырлардың суреттері. Л. Асанова, Қ. Рысқұлбеков т.б.

Сөздік жұмыс: Тәуелсіздік, еркіндік, бостандық т.б.

Қостілділік компонент: Тәуелсіздік – независимость, батыр – герой.

Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың

қызметі

Мотивациялық

-қозғаушылық

1.Ұйымдастыру

кезеңі.

Шаттық

шеңбері

-Балалар

орнымызға тұрамыз. Біз қандай мереке

болса да, ең бірінші өзіміздің

әнұранымызбен бастаймыз. Ендеше оң

қолымызды жүрек тұсына қойып әнұранды

орындаймыз.

Әнұран

орындалады.

2.Жаңа

сабақтың мазмұнымен танысу.

Құрметті

қонақтар! Бүгінгі біздің «Тәуелсіздік

елімнің - тілегі» атты тәрбие сағатымызға

қош келдініздер. Сіздерді бүкілхалықтың

жарқын мерекесі – «Тәуелсіздік

күнімен» шын жүректен құттықтаймыз!

Әрқайсымыз үшін жақын да қымбат мереке

– Тәуелсіздік күні.


Күлімде,

күн күлімде,

Жер

жасарып көгерсін.

Кешегіндей

бүгін де,

Қанат

қақсын көгершін.

Сәлеметсіңдер

ме, балалар!

Сәлеметсіздер

ме, қонақтар!








Ұйымдастырушылық-ізденістік

3.Көрініс:

«Тәуелсіздік таңы»

Ән:

«Сәлем, Қазақстаным!»

-

Балалар сендер білесіндер ме, 16 –

желтоқсан қандай күн?

-

Дұрыс айтасыңдар балалар!

-

Биыл Тәуелсіздігімізге неше жыл

болады?

-

Дұрыс

айтасыңдар балалар!

Балалар,

біз қай мемлекетте тұрамыз? 
-Ал,

елордамыз қай қала? 
-

Елімізді басқарып отырған елбасымыздың

есімі кім? 

  • Біз
  • қай тілде сөйлейміз?

Балалар,

әрбір республиканың өз ерекшелігін

білдіретін рәміздері болады.

  • Кім
  • маған рәміздерді атап береді?

Осы

рәміздер туралы жеке-жеке түсінік

берейікші.

-

Өте дұрыс балалар.
Балалар

Қазақстан Республикасының еркіндік

алып Тәуелсіздікке жеткен күні ол

16-желтоқсан. Бізге тәуелсіздік оңай

жолмен келген жоқ. Үлкен көтерілістер

болды, оған қазақтың жас ұлдары мен

қыздары шықты. Сол жастардың ішінде

Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев,

Сабира Мұхамеджанова, Ляззат Асанова

батыр аға-әпкелеріміз болды. Олар Отан

үшін, сендердің болашақтарың үшін

үлкен ерлікпен қаза тапты. Осындай

батыр, ер жүрек ағаларымызбен

апайларымыздың арқасында ата-бабаларымыз

аңсаған, армандаған тәуелсіздігімізге

25 жыл толып отыр. 16-желтоқсан тәуелсіздік

мерекесі еліміздің әрбір қалаларында,

ауылдарында тойланады. Бізде

Тәуелсіздік күніне арнап жаттаған

тақпақтарымызды айтайық.

Тақпақтар:

4.Дидактикалық

ойын:

«Ия», «жоқ»

1

минут ішінде қысқа – нұсқа «иә» немесе

«жоқ» деп жауап беру.
1.

Тәуелсіздік күні 16 желтоқсан ба?(

иә)
2.

Тұңғыш Президент күні 4 желтоқсан ба?

(жоқ)
3.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік

елтаңбасында қыран бүркіт, күн, ұлттық

ою - өрнек бейнеленген бе? (жоқ)

4.Біздің

ұлтымыз орыс па? (жоқ)
5.

Астана символы Пирамида ма? (жоқ)

6.

Қазақстан

Тәуелсіздігіне 25жыл ма? (

иә)
7.

Біз тұратын қала Астана ма?

(жоқ)

8.Біздің

бала бақша Арман ба? (иә)

9.Біздің

тобымыз Қарлығаш па? (жоқ)

10.Біз

сәби тобымыз ба? (жоқ)

11.

Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы

ма? (иә)

Сергіту

сәті

Тақпақтар:


  • Тәуелсіздік
  • күні.


  • Тәуелсіздігімізге
  • 25 жыл болады.



-Қазақстан

Республикасында.
-

Астана қаласы 
Нұрсұлтан

Әбішұлы Назарбаев. 
-

Қазақ

тілінде


-Ту,

Елтаңба, Әнұран 

Балалардың

жауаптары.







Мұқият

тыңдайды.

Слайдтан

батыр,

ер жүрек ағалар – апайлардың суретін

тамашалайды.



Олардың

есімдерімен танысады.















Нұрахмет,

Аяжан, Расул, Адия, Мөлдір, Ерали

өздерінің тақпақтарын айтады.



Ойын

ойналады.









Сергіту

сәтін қимыл – қозғалыспен орындайды



Жоғары

қарап күн көрдім, 
Төмен

қарап жер көрдім 
Оңға,

солға бұрылып, 
Егеменді

ел көрдім. 





Айлана,

Нұрай, Ахмет, Әділет, Асылмұрат, Нұрали,

Малика.

Рефлексиялық-түзетушілік

«Шығармашылық

жұмыс»

«Менің

Қазақстаным»

Еліміз

тыныш, қаламыз гүлденіп, аспанымыз

ашық, болсын деген мақсатпен қаламызды

гүлдендірейік! Алдымызда күннің,

бұлттың, гүлдің, көгершіннің суреттері

жатыр. Қалаған

суреттерді алып қаламызды безендірейік.

Бүгінгі

оқу қызметінде үйренгендерін сұрай

отырып, қорытындылау.

Балаларды

мақтап, мадақтау.

Ән:

«Отан»


Күннің,

бұлттың, гүлдің, көгершіннің суреттерін

алып өз орындарына жапсырады.



Өз

ойларын, не үйренгендерін айтады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Тәуелсіздік мерекесі туралы.

Игереді: Қазақстан Республикасы туралы, батыр аға – әпкелерін.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ойындар арқылы жаңа сөздерді.

Тәрбиешінің аты-жөні: Гүлбағила Мұратқызы



Просмотров: 1090


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст