Тақырыбы:Отансүйгіштік және адамгершілік рухани тәрбиенің жанұядағы ролі
«Егемен еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында, ал жас
ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»
Н.Ә.Назарбаев.
Туындаған өзекті мәселе:
« Ел боламын десең, бесігіңді түзе»- деп ұлы жазушы М.Әуезов айтқандай тәрбие тал бесіктен басталуы тиіс, тек отбасында ғана емес,балабақшада тіл үйреніп, халқымыздың салт-дәстүрін бойына сіңіріп, құнарлы бай әдебиетімізден нәр алып, патриоттық сезімдері мол болып өскен баланың болашағы қашанда жарқын болары сөзсіз.
- Ендеше балабақшаға және отбасындағы тәрбиеленіп отырған мектеп жасына дейінгі балаларға отансүйгіштік және адамгершілік рухани тәрбиені қалай қалыптастырамыз?
- Оның қандай әдіс-тәсілдері мен амалдары бар?- деген өзекті мәселе туындайды.
- Бұл орайда мен аталған тәрбиені қалыптастырудың әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, өз тәжірибемді ортаға салып, сіздермен ой бөліскім келеді.
Жүргізілетін іс-шаралар:
Мұнда мен ең әуелі балабақша балаларына отансүйгіштік, адамгершілек, рухани тәрбиені қалыптастыруда, ата-ананың жанұядағы ролінің маңызы зор екендігін ескере отырып, ата-аналарға осы мәселеде қандай патриоттық, әндер,өлеңдер, қызықты бейнетаспалар көріп, ертегілер айтып, шағын шығармалар тыңдай отыра, ата-аналардың өз балаларының болашағына деген сезімдері жоғары екендігін түсіндім.
Бұл әңгіменің барысында ата-аналар: «Қазақстан», «Атамекен», «Отан» бейнефильмдерді, «Ырыс алды-ынтымақ» ертегісі, Е.Өтетілеуовтің «Отан» өлеңі, Бүркіт Ыскақовтың «Отан» өлеңін, А.Ильясовтың «Отан» деген ... әңгімелерін атап өтті.
Тақырып бойыншы ой бөлісу:
Осыған орай отансүйгіштік тәрбие мәселесі адамзат тарихының өн бойындағы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан,балалардың бойында Отанға сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын дамыту басты мақсат болмақ. «Баланың бас ұстазы ата-анасы» деп Әл Фараби бабамыз ата-аналарға зор жауапкершілік жүктелетінін баса айтқан.
Ендеше, баланың саналы, тәрбиелі болуы үшін ата-ананың берер тәрбиесінің ықпалы зор болмақ.Олай болса, еліміздің ертеңі - бүгінгі жас ұрпақтың бойына саналы тәрбиені сіңіру үшін бәріміз жұмыла, етене араласып, ата-аналарымен бірігіп жұмыс жасауымыз қажет.
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерін қалай ұйымдастыруға болады?
Отбасы мен балабақша арасындағы байланысты күшейтіп,бағытты жұмыс жүргізу, ұйымдастырылған іс-шараларға, ата-аналар жиналысы, топ ертеңгілектеріне, сабақтарға қатыстырып,ата-аналарды тарту қажет. Мен нақты тоқталсам, «Туған жерімді сүйемін» тақырыбы бойынша ата-аналардың қатысуымен сабақ өткіздім.
Сабақ соңында «Туған жер табиғаты» атты ата-анамен біріккен балалар шығармашылық сурет көрмесі ұйымдастырылды. Мұндағы мақсат: Балаларға Отанға сүйіспеншілік, туған жер құндылықтарын түсіндіру болды.
Жыл бойы «Қолынан танып біл», «Біз бақытты жанұямыз»,«Аралда» т.б. қызықты семинар-тренингтер өткізілсе, ал оқу жылының аяғында ата-аналарға арналған қортынды «Тілек шамы» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.
-Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
-Отбасы, ұшқан ұя-жылылықтың, жылулықтың мекені. Ал тереңірек мәніне үңілер болсақ «Отан» деген үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, жанұя атты «Отанымыз» ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлерімізбен бөлісіп, тренинг барасында айта алмай қалған ойларын осы жерде айтып бөліседі.
Нәтижесінде балабақша өміріндегі ата-аталардың педагогикалық білімін жетілдіру, мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араластыру, баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараларымыз өз жемісін береді деген сенімдемін.
Болашағымыз жарқын болсын десек бала тәрбиесіндегі елеусіз жағдайларға ұқыптылықпен қарай отырып, ұрпағымыздың келешегі табалдырықтан басталарын естен шығармауымыз керек.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде оларға жасайтынан имандылық пен сауаттылық қасиеттерді сіңіре білсек, тәрбиелесек сонда ғана рухы дамыған, Отанның гүлдеуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз» деген сөзін басшылыққа алған біздің балабақша ұжымы бүгінгі таңда білім мен тәрбие жұмысын дамыту, өркендету барысында жұмыс жасап келеді.