Ата-аналарға кеңес
Саусақ жаттығулары не үшін қажет
Әр ұлттан саусақ жаттығуларын жасайтын қысқа тақпақтар естуге болады,мысалға бәріне мәлім «Қуыр-қуыр,қуырмаш...».Адамдар бұрыннан саусақ жаттығуларын тақпақ арқылы айтып,балалардың тілін жақсы
дамытуға болатынын байқаған.Қазіргі уақытта институт физиологтары балаларды және жасөспірімдерді зерттеу
кезінде,саусақ жаттығулары балалардың тілін дамытуда жақсы көрсеткіш көрсететінін дәлелдеген.
Бала ұсақ саусақ жаттығуларын жасағанда, қандай өзгеріс болады?
1.Жаттығуларды жасағанда саусақ жаттығуларын индуктивті орындау мидағы сөйлеу орталығының дамуына, сөйлеу қарқынын тез дамытып тілдің дамуына жағдай туғызады.
2.Саусақ ойын жаттығулары балаларға жақсы жағдайлар туғызып , үлкендердің жасаған ісін қайталауға,сөзді тыңдауға
үйретеді,баланың сөйлеу тілін алға шығаруға көмектеседі.
3.Саусақ жаттығулары арқылы бала өзінің зейінін тұрақтап және оны дұрыс орындауға тырысады..
4.Егер бала саусақ жаттығуларын шағын тақпақ жолдарын айтып жасаса онда оның тілін ашық,ырғақты,жарық және
өзін-өзі бақылауға үйренеді, жаттығуларды жасауға деген ынтасы күшейе түседі.
5.Баланың ойлау қабілеті дамиды және саусақ жаттығуларының қозғалысын рет-ретімен жасау есінде қалады.Сондай-ақ есте сақтауларына айқын түстермен суреттелген суреттер көмектеседі.
6.Баланың елестеу қабілеті және фантазиясы дамиды.Барлық жаттығуларды үйренгеннен кейін,бала қолымен бір толық шағын әңгімені айтып бере алады.
7.Жаттығуларды жасап үйренгеннен кейін,саусақтармен ,саусақ сүйектері күш алады,саусақтар жақсы қимыл қозғалысты болады, ол әрі қарай жазу жазғанда жақсы көрсеткіштер көрсете алады.
Сондықтан ата-аналарға кеңесім,баларға төменде берілген жаттығуларды жасатып отырса,нәтижесінде балардың қол икемі және
тілі дамиды.
Масса ж/е өзі-өзіне қолына массаж жасау: әр саусақты бөлек уқалау, алақанды ысқылау,
кезекпен домалат
Моншақтың,түйменің тесігінен жіп өткізу
Қағазды бүктеу, уқалау, қайшымен қию