Бала бақшада ата-аналармен жұмыс.
Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата – ананың табиғи құқығы әрі парызы.
Мектеп жасына дейінгі баланы толыққанды тәрбиелеу отбасы мен балабақшаның тығыз ынтымақтастығы кезінде ғана мүмкін болады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген даналық сөздің мағынасы өте терең. Есейіп кеткен соң баланың теріс мінезін, қалыптасқан қате көзқарасын өзгерту өте қиын. Отбасындағы ата – ана мен баланың қарым - қатынас нәтижесінде адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады. Ал әке мен шеше – баланың алғашқы тәрбиешілері. Ата – аналар бала бақытының шынайы бағбаны балуы тиіс. Бүгінгі таңда болып жатқан өміріңіздегі өзгерістерге байланысты тәрбиешілер мен ата – аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Әрбір тәрбиеші – аналармен қарым – қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып ата – ананың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс атқарса, ата – ананың балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы өзгерер еді.
Балаларды тәрбиелеудің дұрыс жолын табу үшін ата – аналарға көмектесу – тәрбиешілердің міндеті. Тәрбиешілер ата – аналармен жақынырақ танысып, отбасының әлеуметтік жағдайын ,отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі рөлін анықтау үшін ата – аналардың ұсыныс – пікірлерін, ойын бөлісу мақсатында сауалнамалар, анкеталық сұрақтар алуға болады. Сонымен бірге жыл бойғы жүргізілетін жұмыс түрлерін ата – аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді, себебі ата – аналар заман талабына сай өзекті мәселелерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптартарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата – аналардың ұсыныс – пікірлерімен санаса отырып ата – аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар, консультациялар, сұрақ – жауап кештері, тәрбие жұмысын
алмасу жөніндегі конференциялар, психологиялық тренинг- сабақтар, ата – аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс – тәсілдері қарастырылады.
Отбасы мен балабақша арасындағы байланысты күшейтіп, бағытты жұмыс жүргізу, ұйымдастырылатын мерекелік іс – шараларға, ата – аналарға және топ жиналыстарына ата – аналарды тартудың
қажеттілігі: балаларда іс – әрекетті таңдаудың үлкен мүмкіндігі болады, балалар маңызды жетістіктерге жете алады; балалар еліктеудің жаңа үлгісін алады ; ересектер тәрбиешінің жұмысымен жақын танысып, оны бағалай біледі.
Мектепке дейінгі ұйымдардың басты мақсаты – отбасында баланы тәрбиелеуге кәсіптік көмек беру. Педагогтың жұмысы ата-анамен және балалармен жұмысқа үйлестірілген болуы міндетті.
Мектепке дейінгі ұйым педагогы ата-аналармен сенімді шағын орта құру үшін олармен жұмыс мазмұны мен формаларын ойластыруы міндетті. Мысалы, олардың қажеттілігі зерттеу және алынған мәліметтерді келешек жұмыста қолдану мақсатында экспресс-сұрақ жүргізу.
Тәрбиешілер мен ата-аналар арасында іскер әріптестік үшін жағымды қарым-қатынас орнағаны жөн.
Ата-аналарда баланың жағымды бейнесін формалау үшін отбасында айтылмайтын, ата-анасы күтпеген, олар үшін қызықты ақпаратты хабарлайды. Бұл баланың құрбыларымен тіл табысудағы ерекшелігі, оның еңбекке деген қатынасы, іс-әрекеттерінің жетістіктері болуы мүмкін.
Мектепке дейінгі ұйымның ата-аналармен жұмыс қабылдауы әртүрлі: жанды сөз, тәрбие жұмыстарын көрсету, ата-аналар үлгісі және т.б. Ата-аналармен жұмыстың барлық түрлері ұжымдық, жекелік және көрнекі-ақпараттық болып бөлінеді.
Ата-аналармен ұжымдық жұмыс түріне өздеріңізге таныс белгілі іс-шаралар жатады.
Біріншіден, бұл - ата-аналармен жұмыстың тиімді формасы болып табылатын ата-аналар жиналысы. Ата-аналар жиналысында топтың тіршілік әрекетінің мәселелері талқыланады. Ата-аналар жиналысына дайындық кезінде келесі ережелерді ұстану қажет:
-жиналыс мақсатқа бағытталған болуы;
-ата-аналардың өтініші мен қызығушылығынажауап беру;
-нақты белгіленген тәжірибелік мінездеменің болуы;
-диалог түрінде өткізілуі;
-жиналыста бала кемшілігін және бала тәрбиесіндегі ата-аналардың қателіктерін жарияламау керек.
Ата-аналармен жұмыстың дәстүрлі емес, тиімді формаларының бірі - шағын жиналыс. Қызықты отбасы анықталып, оның тәрбиелеу тәжірибесі зерттеледі. Одан кейін шағын жиналысқа
екі-үш отбасы шақырылады, онда отбасы тәрбиесіндегі позицияларымен, отбасының дәстүрлі тәрбиесі туралы бөліседі.
Ата-аналармен жұмыстың бір формасы - тренингтер. Тренингтік ойын жаттығулары мен тапсырмалары баламен іс-әрекеттің әртүрлі тәсілдеріне баға беруге, жағымсыз формаларды конструкциялыққа ауыстыруға көмектеседі. Ойын тренингіне тартылған ата-ана баламен сөйлесуді бастайды, жаңа шындыққа жетеді.
Заманауи езеңдегі тағы бір қызықты формалардың бірі – әртүрлі конкурстарды – сұрақтар мен жауаптар кештерін өткізу болып табылады. Бұл форма өзінің педагогикалық білімін нақтылауға, оларды практикада қолдануға, жаңалықты білуге, бір-бірімен білімін толықтыруға, бала дамуындағы кейбір мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді.
Отбасы мен балабақша өзара іс-әрекетінің басты формаларының бірі әрбір ата-анамен жеке жұмыс болып табылады. Бұл форманың артықшылығы, отбасын зерттеу, ата-аналармен сұхбат , ата-аналардың балалармен топта, үйдегі әңгімелесуін бақылау арқылы педагогтардың баламен біріккен іс-әрекеттің нақты жолдарын белгілеуінде.
Ата-аналармен жұмыстың тиімді формасы әртүрлі көрмелер болып табылады. Мысалы, балалар жұмыстарының формасы: бала суреттері, қолдан жасалған ойыншықтар, балалар кітаптары, альбомдары.
Ақпараттық парақтардың да рөлі зор, себебі мұнда өткізілген жиналыстар туралы, оқиғалар, экскурсиялар, көмек көрсету өтініштері, ерікті көмекшілерге алғыс туралы ақпараттарды енгізуге болады.
Ұрпақ тәрбиесі ұлағатты болу үшін, отбасындағы ата-ана берген тәрбие балабақшада жалғасын тауып, кішкентай бүлдіршін сапалы азамат болып қалыптасу үшін балабақша, тәрбиеші жауапты зор міндетті атқарады. Ең бастысы – бала ата-ананың оның оқудағы жетістіктеріне қызығушылығын сезінуі керек.
Ата – анамен жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты :
-Ата – ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту;
- Баланың бүгінгі жасаған қадамының – болашақта тұлға болып қалыптасуына әсер етуі,
-Балаға қолдау көрсету.
Тәрбиешілердің іс – тәжірибесінде ата – аналармен бірігіп жұмыс жасаудың көптеген формалары қалыптасып, өз жемісін беруде. Тәрбиеші ата – анамен жекелей және ұжымдық жұмысжасауы тиіс.
Жекелей жұмыс – бұл тәрбиешінің әр баланың жеке басындағы ерекше қасиеттерін ескере отырып, олардың ата – анасымен өз жоспарымен бөлісуі, баланың даму мүмкіндігі, кем тұстары жайлы ақылдасып бірлесе жұмыс істеуі. Ұжымдық жұмыс- бұл ұжымның немесе ата – аналардың жеке тобының жұмысы. Бұндай жиындарда ата – аналар балабақшадағы белгілі бір жас тобындағы және отбасындағы тәрбиенің мақсаты және міндеттерімен, түрлері және әдістерімен жүйелі түрде таныстырылып отырады.
Өскелең ұрпақ тәрбиесі қашанда маңыздылығын жоғалтқан емес. Бүгінгі заманның педагогына қойылатын талап та өте жоғары. Педагог үнемі ізденісте жүрсе, ал ата – ана бұл үдерісте қолдау көрсетіп, көмекке келетін болса, жұмыс табысты болмақ.