АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "АРМАН" БӨБЕКЖАЙЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
 ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ " ЯСЛИ- САД   "АРМАН" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қыстайтын құстар»

28.02.2018

Білімдік салалар: Коммуникация

Тараулар: Тіл дамыту   

Мерзімі: 12.01.2018жыл                                                                                                                                                        

Тақырыбы: «Қыстайтын құстар».

Мақсаты: 

Білімділік: Қыс мезгілінде табиғат өзгерістері  болатыны туралы,қыстайтын құстар туралы түсінік беру. Балаларды қыс мезгілімен таныстыруды

жалғастыру,қыстағы орман тіршілігімен таныстыру,білімдерін кеңейту. Сөз қорларын молайту,берілген сұраққа жауап беруге,сөзден сөйлем құрастыруға үйрету.

Түзетушілік: Тілдерін дамытып,ойлау қабілеттерін арттыру,ұзақ уақыт есте сақтау қабілеттерін дамыту, граматикалық түрде жүйелі сөйлеу қабілеттерін дамыту,артикуляциялық аппаратарын ,жалпы және саусақ моторикасын дамыту. Логопед айтқан,берген тапсырмаларды орындауға

машықтандыру.

Тәрбиелік: Балалардың басқа тіршілікке мейірімділікпен қарау қасиеттерін дамыту,адамгершілікке,сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Құстарға қамқор болуға үйрету табиғатты сүйюге,аялай білуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс:  Қыстайтын құстар қарға,сауысқан,торғай,көгершін,тоқылдақ.

Алдын ала жұмыс:Жұмбақ шешу.

Құралдар: Үнтаспа,құстаржәне қыс мезгілі жайлы суреттер,құстардың қима суреттері, жемсалғыш тақтай, «Су-Джок» шарлары.

Билингвинд компонент: Құс-птица, жемсалғыш тақтай-кормушка

Сабақтың барысы:

1.Амандасу.

Сәлеметсіңбе көздерім,

Сәлеметсіңбе құлақтар,

Сәлеметсіңбе аяқтар,

Сәлеметсіңдерме қолдар,

Сәлеметсіңдерме достар,

Сәлеметсіңдерме қонақтар

Сәлеметсізбе апайлар.

 

2.Сабақ ұраны .

Мен көремін, мен тыңдаймын,

Мен сөйлеймін,әңгімелеймін,

Мен ойнаймын,достарымды ренжітпеймін,

Мен тәртіпті бала болып,

Апайымды мен сыйлаймын.

3. Артикуляция жаттығулары.

«Сусиыр», «Бақа», «Піл» «Жылан», «Ат шабады».

 

 

  Жұмбақ шешу.

  Ағаштың басында,

  Жемі бар қасында,

  Қорапша тұр ілініп. (Жемсалғыш)

 

 

4.  Балалардың назарын үнтаспаға аударып құстар дауыстарын естірту.

 -Балалар  сендер ненің   дыбыстарын  естідіңдер?

 - Құстардың.

 - Дұрыс.Үй және дала құстарының дыбыстары.

-Қыс мезгілі туралы сұрақ-жауап

 Балалар бүгін біз сендермен қыстап қалатын дала құстары туралы әңгімелейміз.Балалардың назарын суреттке аудару, суреттегі құстарды әңгімелеу.

  -Балалар суретте қандай құстарды көріп тұрсыңдар?

  - Дұрыс.Қарға, көгершін,торғай ,сауысқан,тоқылдақ.Бұл құстар біздің жерде қыстайды.Өйткені олар суықтан ,қардан,аяздан ,боранан қорықпайды.Құстарда қыс мезгіліне дайындалады,өздеріне ұя салады.Қыстайтын құстарға ешкім тимейді, оларға адамдар қамқор болады,тамақтандырады,жем береді,нанның қоқымын тастайды.Құстар қыс мезгілінде адамдарға жақын жүреді.Өйткені қыс мезгілінде құстардың тамақтары қардың астында қалады,сондықтан оларға қамқор болу керек.Адамдар құстарға арнап жем салғыш  жасап оны іліп қояды,оған құстарға тамақ салып отырады.Ал сендерге үй тапсырмасын  ата- аналармен жемсалғыш жасап әкелу керекте.Жем салғыш жасап әкелген балалардың атын атап айту.

-Балалар, сендерде серуенге шыққанда осы жемсалғыштарды іліп,құстарға  тамақ саласыңдар. Құстардың ортақ қасиеті бар.Олардың қанаты бар,ұшады,тұмсығы бар,шоқиды,аяғы бар,жүреді.

5.-Балалар қазір біз құстарды ұшыру арқылы демалу жаттығуын жасайық.Қағаздан жасалған құстарды үрлеу арқылы ұшыру.

Демалу жаттығуы «Құстар».

 

Сергіту сәтті.

Сауысқан боп ұшайық,

Торғай болып қонайық,

Қарға болып секіріп,

Тоқылдақ болып шоқиық,

Көгершін боп ұшайық,

Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.  

 

6.Аққаланың кіруі.

  Қима суреттерден құстарды құрастыру.

-Балалар,құстарды  әдемі құрастыру үшін саусақ жаттығуларын  жасап алайық.

«Су-Джок» шармен саусақтарға жаттығу жасату.

Балалар қима қағаздармен жұмыс жасауы.

Ойын /жаттығу

«Қағып алда, атын айт».Балалар допты қағып алып,қандай құс құрастырғанын атайды.

 

7.Ойын «Көңілді құстар». Балалар шеңберге тұрады орнында айналып ,қолдарын жайып, құстардың дауысын салады.Логопед қатып қал сөзін айтқанда балалар қатып қалады.ойын 2-3рет қайталанады.

 

 

Қорытынды .Балалар  біз бүгін нелер туралы айтық? Қандай құстар ? Құстардың атын аттаңдаршы? Сендерге сабақ ұнадыма?

 

Қане бәріміз шапалақпен отшашу жасайық.

Келген қонақтармен қоштасайық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 748


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст