Ойын сауық Қатысушы т№ 11 «Моншақ» ересект ,№ 12«Гүлдер» ортаңғы тобы
Тақырыбы: «Біз аяздан қорықпаймыз»
Мақсаты: балалармен бірге қысқы ойын – сауық атауларын бекіту; қимыл – қозғалыстарын дамыту, дабылы бойынша дұрыс қимылдай білу; ойын – сауықтарға қатысуға деген ынта – ықыласын, қызығушылығын ояту. Көрнекілігі: шана, шаңғы, таяқтар, жалаушалар,сәбіз,шелек,шайба добы ,ұлпа қар.
Ойын - сауық барысы:
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме балалар! Аппақ көше бар дала, Аппақ ой мен қыраттар. Ақ шатырлы қар дала, Ақ жамылып тұр бақтар.
Абілмансур:Жасыл емес жайнаған, Ақ мамық қар айналам. Сырғанақты ойнайсың, Қызыққа енді тоймайсың, Алақай - ау, алақай, Қыс келіп тұр, балақай!
Жүргізуші: Міне балалар, аппақ қыста келді. Бірақ қыстың өзі көрінбейді ғой. Кәне, орманға барып аққаланы іздеп келейік. Бірақ, алдыменен сұраққа жауап берейік. Қыста қандай өзгерістер болады? (балалардың жауаптары).
Осы кезде қонаққа Мыстан кемпір келеді.
Мыстан: Бұл кімдер менің орман патшалығыма келді? Мен ешкімді шақырған жоқпын, кетіңдер.
Жүргізуші: Ашуланбаңыз, әжетай. Біз орманға аққаланв іздеп келдік. Сіз аққаланы көрдіңіз бе? Мыстан: Кімді? аққаланы? Ол мен ғой аққала Не ұқсамаймын ба? Әдемімін бе?
Жүргізуші: Сіз өтірік айтасыз, сіз мыстан кемпірсіз ғой. Сіз бізге көмектесесіз бе, аққаланы табуға?
Мыстан: Жарайды, Алдымен тақпақтар айтып беріңдер. Білесіңдер ме? Балалардың тақпақтары:
Томирис: Жапалақтап ала қар, Жауды күнде қайталап.
Әмірлан: Жұлдыз болып ағамыз, Қырға шықты балалар, Шаңғыларың арқалап. Ақ мамықтың үстімен. Біз спортшы боламыз, Үлгі аламыз күштіден.
Мыстан: Енді менімен бірге ойындар ойнайсыңдар ма?
Жүргізуші: Әрине.
1- ші ойын: «Мұздатам».
Ойынның шарты: Боран борайды - 1, Боран борайды - 2, Боран борайды - 3, Түрлі фигура боп қат.
2- ші ойын: «Қақпаға дәл соқ». Ойынның шарты:
3- ші ойын: «Шана тартысу».
Ойынның шарты: Екі шананың артынан байлау. Екі бала отырып шаналарды тартады. Кім бірінші шеңбердің ішінен тартып шығады, сол жеңеді. Жүргізуші: Енді бізге жолды көрсетесіз бе?
Мыстан:
Жарайсыңдар, балалар! Міне мына жолмен барасыңдар да ,балаларға ұлпа қарды береді осының артынан еріп отырсындар жол көрсетеді. Аққаланы кездестіресіңдер. Сау болыңдар, адасып қалмаңдар. Жүргізуші: Балалар кәне ән салайық
Сол кезде Аққала шығады.
Аққала: Далада қар борайды, Ақ мамыққа орайды. Мұз болады - қатады, Жып - жылтыр боп жатады. Аралайды бақшаны, Үзілмейді жақсы әні. Гүлденеді бақшалар, Жақсы жаусын ақша қар. Аққала: Сәлеметсііңдер ме балалар! Сендер кімді іздеп жүрсіндер? Балалар: Біз сізді іздеп келдік,сізге конаққа келдік.
Аққала: Жарайсындар балалар! Алақай ,алақай менім достарым көбейді.
Аққала: жұмбақтар жасырады.
Жалт - жұлт етеді,
Ұстасаң еріп, кетеді.
(Мұз)
Зулап
түсті төменге.
Шықпас менен төбеге.
(Коньки)
Тікен - тікен тік пісте,
Қысы, жазы бір түсте.
(Шырша)
Күміс тұяқ тұлпарды,
Ерттеп міндім тай қылып.
(Шана)
Қыста айна,
Көктемде су. (Мұз)
Аққала: Жарайсыңдар, балалар! Сендер ойнауға дайынсыңдар ма?
1- ші ойын: «Нысананы дәл көзде».
Ойынның шарты: Екі командаға бөлініп,қарды нысанаға лақтыру.
2- ші ойын: «Аққала жасау»
Жүргізуші: Рахмет, саған Аққала ! Біз өте ризамыз! Бүгін біз жақсы көңіл көтердік.
Аққала Сендерге көп рахмет, көңілім көтерілді! Мына менің сыйлығым. Сендерге,мені ұмытпай естеріңе алып тұрындар. Сау болыңдар, балалар!