№1«Арман» бала бақшасында, Салауатты өмір салтын қалыптастыру , балалардың денсаулықтарын шынықтыру мақсатында көптеген іс шаралар өткізіледі.Соның
бірі, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының дене тәрбиесі нұсқаушыларына арналған облыстық семинар біздің бала бақшамызда өткізілді. Мектепке дейінгі әр баланы жүзуге үйретудің терең мағынасы бар. Егер әр баланы жас кезінен суда еркін жүруіне және бір кішкене қашықтыққа жүзуге үйрете алсақ, көптеген бала өмірін бақытсыз жағдайлардан сақтап қалар едік. Суда жүзгенде баланың барлық мүшелері қозғалып, ол өте жақсы әсер алады.
Суда жүзу баланың дене құрлысының жетілуін, шынығуын және әрдайым денсаулығының жақсаруын қалыптастырады.
Осы мақсатта балармен «Суды жақсы көреміз,шынығамыз күнде біз» атты тақырыбында ашық сабақ өткізілді.Балалармен суда « кроль» әдісімен жүзу, «шалқалап»
жүзу қолданылды. Сонымен қатар балалармен суда «Көпіршік», «Паровозик» , «Фантан» жасау ойындарын ойнатылып балалардың қызығушылығы арта түсті.