АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "АРМАН" БӨБЕКЖАЙЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
 ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ " ЯСЛИ- САД   "АРМАН" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балабақшада серуенді ұйымдастыру және бақылау. № 13 Қошақан мектепалды даярлық топ. Тәрбиеші Гүлсим Хұндызбай

14.10.2020

Мазмұны

I.Кіріспе.

II. Негізгі бөлім

2.1 Балабақшада серуенді ұйымдастыру және бақылау

2.2 Серуен бөліктері:табиғатпен танысу,ойындар,еңбек.

2.3 Мектепке дейінгі ұйымдарда серуенді ұйымдастыру ерекшеліктері

III.Қорытынды

IV.Қолданылған әдебиеттер

 

I.Кіріспе

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының «Таным» білім беру саласының мазмұны мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық пен ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыруға бағытталған.

Мектепке дейінгі білім беру стандартының «Таным» білім беру саласының мақсаты: «танымдық әрекеттердің дағдыларын игерген,әлемнің тұтас бейнесін түсінуге және ақпаратты өмірлік маңызды мәселелерді шешуде қолдануға қабілетті тұлға қалыптастыру». Табиғат құбылыстары мен қоршаған ортаны тұтастай қабылдауын және табиғатты шығармашылықпен танытуды дамытуда,табиғаттың негізгі заңдылықтарын айқындай білу іскерлігін дамыту.

Балаларды табиғатқа жақындастырмайынша және оны балалар бақшасының оқу-тәрбие жұмысына кеңінен пайдаланбайынша, мектеп жасына дейінгілердің ақыл-ой, эстетикалық, адамгершілік, еңбек және дене тәрбиесі жағынан жан-жақты жетілдіру міндеттерін шешуге болмайды.

Тәрбиешінің табиғи объектілер мен табиғат құбылыстарын бақылауды ұйымдастыруы мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі тәсілі болып табылады.

Баланы табиғатпен таныстыра отырып, оның сан қырлы бояуларын балаларға көрсетіп, түсіндіру әрбір тәрбиешінің негізгі міндеті.

Мектепке дейінгі тәрбие бағдарламасында балаларды табиғатпен таныстырудың саяхат, серуен, мақсатты серуен, бақылау сияқты бірнеше түрі берілген.

Балалар табиғатты бақылай отырып, оның суын, тасын, ағашын, құсын, жәндігін көзбен көреді, қолымен ұстайды. Осы көргендерін естерінде ұзак сақтау үшін табиғат бұрышында бақылау күнделігін жүргізудің маңызы зор.

Бақылау күнделігін әр топта, баланың жас ерекшелігіне қарай әртүрлі жүргізуге болады.

Бақылау — мақсатқа бағытталған қабылдау, сезім мен тиімділіктің бірлігі көрінетін танымдық күрделі процесс.

Анализаторлардың бірлесе іс-әрекет жасауы, тәрбиешінің сөздері негізінде балаларда нақтылы білімдерпайда болады, ойлауы, тілі жетіледі, табиғатқа деген материалистіккөзқарасқа, ынта-ықыласқа, сүйіспеншілікке, әдемілікті сезінуге тәрбиеленеді.

Сонымен бірге олар күрделі құрал-жабдықтарды қажет етпейді және кез-келген адамға қолайлы.

Тәбиешіге қойылатын талаптар. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің педагогынан, балаларды табиғатпен таныстыру үшін, табиғат жөніндегі әр түрлі ғылымдар саласынан білімнің мол қоры болуы,оның даму заңдылықтарын дұрыс түсіндіре білу талап етіледі.

Ересек топ балаларының жас ерекшеліктеріне арналған серуен кезіндегі табиғатқа бақылау жасаудың үлгілерін ұсынамын.

 

 

II. Негізгі бөлім:

2.1.Балабақшада серуенді ұйымдастыру және бақылау Мектепке дейінгі кезеңде бала қоршаған ортаны танып біледі. Баланың табиғатты танып білуге деген қызығушылығын оята отырып, педагог оны табиғатпен таныстырып қана қоймай, оны түсінуге, өсімдіктер мен жануарларды қамқорлауға, табиғаттың сұлулығын сезіне білуге үйретеді. Қарапайым экологиялық түсініктерді меңгерту баланың қоршаған орта нысандарына танымдық қызығушылығын арттырумен тығыз байланысты. Баланың танымдық дамуы ойын барысында, табиғи нысандар мен құбылыстарға бақылау жасау, заттарды қарап, зерттеу кезінде, табиғат пен табиғат күнтізбесіндегі ауа - райы жағдайына бақылау нәтижелерін айта білу, еңбек және басқа да әрекеттер барысында жүзеге асады. Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде баланың танымдық дамуы эмоционалдық қарым - қатынастар арқылы қалыптасады. Әрбір жеке бала - қоршаған ортаны қызығушылықпен қабылдайтын кішкентай зерттеуші. Бала белсенді әрекеттерге талпынады. Сондықтан да бақылау мен зерттеу сияқты әдістер балаға неғұрлым жақын болып табылады. Көрнекті психолог С. Л. Рубинштейн бақылауды баланың ойлау қабілетін дамытатын мағыналы қабылдаудың нәтижесі деп қарастырады. Бұл жерде бала табиғи нысандар мен құбылыстардан нені көре алады және нені көру керек деген сұрақ туындайды. Серуен кезінде бақылау жұмысын дұрыс ұйымдастыру біріншіден жоспарлау кезінде жеңілдік туғызса, екіншіден, бақылауды жүргізуге қойылатын талаптар сақталады. Балалардың танымдық құзіреттілікті меңгеруі, бақылау нәтижесі педагогтың қолданатын әдіс - тәсілдері мен бақылауды ұйымдастыруына тікелей байланысты. Баланың жан - жақты дамуы оның қоршаған ортамен белсенді қарым - қатынасы негізінде қалыптасады. Бұл тұрғыда «Сезіну - танып білу - жүзеге асыру» - осы үш бағытта жұмысты ұйымдастыру қажет. Ол үшін тиімді әдіс - тәсілдерді таңдап алудың маңызы зор. Төменде берілген серуен кезінде ұйымдастырылатын бақылау үлгілері тәрбиешіге баланы қоршаған ортамен таныстыруға, серуенді дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі. . Серуен – мектепке дейінгі мекемеде бала әрекетін ұйымдастырудағы режимдік сәттердің негізгі бөлігінің бірі. Серуеннің мақсаты – бала денсаулығын нығайту, шаршаудың алдын - алу, денесін шынықтыру, түрлі әрекеттер нәтижесінде организмде болған функционалдық өзгерістерді реттеп, қалыпқа келтіру. Серуеннің міндеті:Қарапайым жағдайда организмді шынықтыру; Мектеп жасына дейінгі баланың физикалық даму деңгейін арттыру; Баланың қимыл белсенділігін арттыру; Баланың танымдық, көркем - эстетикалық, әлеуметтік - тұлғалық дамуына ықпал ету.

Серуен түрлері (өтілу орнына қарай): 1. Балабақша аумағында; 2. МДМ - нің территориясынан аулаққа жаяу серуен (ересек топтар 2 километрге дейін) Балалар киіміне қойылатын талаптар Баланың киімі жыл мезгіліне сай және баланың ыссылап немесе тоңуына жол бермейтіндей, ауа - райына сәйкес болуы керек; Температура +3 тен - 3°С аралығында болған жағдайда баланың киімі (іш киімді қосқанда) 3 қабаттан тұруы қажет. Сырт киім жылы күртеше, шалбар немесе гамаж; аяқтарында жылы бәтеңке; Температура - 4 пен - 10°С аралығында болған жағдайда балаларға қысқы қалың күртеше мен 3 қабатты киім болуы шарт. Температура одан төмен болған жағдайда киім қабаттарын 4 - 5 - ке дейін, киім жылылығына қарай көбейту қажет. Жазғы маусымда күн тимеу үшін жазғы жеңіл күнқағар бас киім қажет.

Бақылау мазмұны

Көркем сөз,жұмбақтар Халық болжамдары, экологиялық тыйым сөздер Балалардың қарапайым ізденіс және еңбек, іс-әрекеті

Ауа-райын бақылау.Ауа райы- атмосфераның сол жердегі төменгі қабатының белгілі бір уақыты ішіндегі физикалық жағдайы. Балалар күн сайын ауа райын (бұлттылық,жел,жауын-шашын) т.б бақылайды

Бір нәрсе жер мен көктің арасында,

Көрінбейді өзі түгіл,қарасы да.

Білінбей жер үстінде жүрсе-дағы,

Пайдалы адамзаттың баласына (Ауа)

«Қарлығаштар төмен ұшса –жауын жауады»

Көктемде күн көп күркіресе, егін, шөп мол шығады, - деп ырымдайды.

Желдің бар жоғын анықтау үшін балалар ағашты қадағалайды (олардың ұштары теңселе ме), қағаздан немесе материалдан жасалған жолаушаларды,зырылдауықты пайдаланып анықтайды.

Жауын- шашын. Ұзақтығына және өнімділігіне қарай жауын шашынды: (нөсерлі жауын,сіркіреген жауын) екенін анықтау

Көтеріліп теңізден,

Аспанға биік барамын.

Биіктен қайта түскенде,

Өңі кірер даланың. (Жаңбыр) Сиыртанауынтартып, мойнынжиі-жиібылғақтатыпмазаланса, дауылнеборансоғады.

 

Балалар жылға суына қағаздан, қабықтан, сіріңке қорабынан

жасалған қайықшаларын

жіберіп,олардың қайсысытезірек жүзетінін бақылайды.

Бұлттылық.

Бұлтты бақылаған кезде бұлттардың аумағы мен түріне, олардың бағытына бақылау жүргізу

Жаңбыр,жаңбыр жауасың

Жанымызға дауасың

Біз ойнайтын ауланың

Тазартасың ауасын (жаңбыр)

Күн бұлтқа батса, келесі күн жауын-шашынды болады.

Бұлт ортасынан ыдыраса, ауа-райы бұзылады, шетінен ыдыраса, күн жылынады. Тәрбиеші күнделікті серуен кезінде бұлттарға және аспанның түсіне көңіл аударады. Бақыланған объектілердің суретін салады

Ағаштардың көктемгі жандануын бақылау.

Жер ала кеуімдене бастаған кезден көп кешікпей ағаштар да жанданады: оларда сөл жүре бастайды.

Егер ағаш қабығын жуан инемен тесетін болсақ, бұл құбылыс айқын байқалады; жарақаттан мөлдір тәтті сұйықтық ағып шығады; ауада ол тотығып, қызғылттау реңге ие болады. Сөл жүруі – күрделі физиологиялық процесс.

 

 

Қосымша Көктем

Қар, мұз еріп,

Су көбейіп,

Сай салада ағады.

Бүршік жарып,

Жапырақ ашып,

Жайлау малға толады,

Бөбектерім, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады? (Көктем)

 

Қазақта «Үш сауап» деп мынаны айтады:

- шөлдесе құдық қазуды;

- өзенге көпір салуды;

- жол жиегіне ағаш егуді атаған.

 

 

Қызара батқан күн – желдің, ашық сары болып батқан күн – жаңбырдың белгісі. Көктемде балалармен бірге учаскедегі ағаштар мен бұталарды анықтап қарайды,зақымданған бұталардан тазарту.

Бүршіктердің ісінуі және шешек атуын бақылау.

Сөл жүре бастауынан он шақты күн өткен соң қорғаныш қабыршақтарының астыңғы жағында бастапқы өркен болатын бүршіктердің ісінуі байқалады.

Туғанда көктем наурыз

Аузыңа тиер сары уыз

Көк майсалы көкекте

Жас төлдерді жетекте Мамыражай мамырда

Гүл қатайды адырға

 

Мысық – бұйығып ұзақ ұйықтаса, күн жылынады.

Батар күн қызыл шапаққа малынса, келер күн жазда ыстық, қыста жұмсақ болады. Балаларға жүйектерге пиязшық отырғызуды және шалғам мен бұршақтың ірі тұқымдарын себуді үйретеді.

Жапырақтардың шығуына бақылау жүргізу.

Ағаштардың бір тобының жас жапырақтарын сыртқы жағынан жұпар иісті жабысқақ зат, келесі тобын – үлпілдек зат қаптайды да, оларды суықтан қорғайды.

Сәуірдің соңында мойыл мен қайыңның бүршік атуына бақылау жүргізу.

Қайың, терек басынан

Сарғыш тартып жапырақ.

Жерге түсіп шомылған,

Жел үрлесе қалтырап...

Құмырсқа—ертеңгісін илеуінің аузын ашып, ерсілі-қарсылы шұбыра бастаса, тыным таппай жұмыстанса, ауа райы жақсарады.

Балалар бақшасының жер үлескесіне ағаш отырғызуға балалардың өздерін де қатыстыру. Көктемнің орта шеніндегі бұлыңғыр күндердің бірінде балалармен бірге көшет отырғызады.

Жәндіктердің шығуына бақылау жүргізу.

Ерте көктемде, жер ала кеуімдене бастаған кезде түскен жапырақтар үйіндісінде, ағаштардың қабығы мен түбірі астында және басқа да суықтан қалқа жерлерде қыстап шыққан жәндіктердің жандану уақытын бақылау

Бір зат бар дүниеде құшағы кең,

Ұшқан құс,жүгірген аң-бәріне тең.

Адамзат,жан-жануар соның арқасында,

Мәңгілік өсіп-өніп өмір сүрген (Жер)

Көбелек бұтақтар арасын, қуысын немесе басқа ықтасындарды паналаса, найзағай ойнайды.

Ағаштарды зиянкес жәндіктерден қоғаудағы жұмыс түрлері.

 

Балалар бақыланған объектілердің суретін салады

 

Құстардың келе бастауына бақылау жүргізу.

Жер ала кеуімденіп, топырақта қыстайтын жәндіктер,шыбын-шіркейлер жандана бастағанда жыл құстары қайтып оралады.

Алғашқылар болып көктем хабаршылары – ұзақтарға, олардан кейін қараторғайлар мен бозторғайларға бақылау жүргізу. Балалардың табиғаттағы көктемгі құбылыстар

туралы түсініктерін кеңейту және қорытындылау Тауық— жүнін үрпитіп қытқылдаса, ауа райы бұзылады.

Құстың ұясын бұзба

Құсқа тас лақтырма Тәрбиеші көктемнің басында балалармен бірге қараторғай үйшігін іліп,тілек білдірушілерге онда қандай құстар,қашан қоныстанатынын қадағалауды ұсынады.

Құстардың үядан ұшып шығуын және қайтып оралауын бақылау керек.

 

Күтілетін нәтиже:

Балаларды жылдың әр мезгілінде табиғатпен тікелей қарым-қатынасын қамтамасыз ету.

· Табиғатта болатын бір-бірімен байланыс туралы бастапқы әлемді көру түсініктерін қалыптастыру.

· Туған өлкесіне патриоттық қарым-қатынасын қалыптастыру.

· Балаларда туған өлкесі туралы эколого-аймақтық түсініктерін қалыптастыру.

· Мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық және зерттеушілік қабілеттерін дамыту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III.Қорытынды:Тәрбиешінің қызметі мен міндеттерін анықтап, тәрбиешінің жеке басына қойылатын талаптарға тоқталдық. Тәрбиешінің педагогикалық шеберлігі және қызметінің ерекшелігі айтылып, тәрбиешінің балабақшада оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасын басшылыққа алып жұмыс жүргізу жолдары қарастырылады.

· Балабақшаның нормативтік-құқықтық құжаттармен таныстыру , балабақша жұмысының негізгі бағыттары, міндеттері мен қортындысын таныстыру. Жалпы жиналыстың тақырыбы негізінен жаңа оқу жылының барысы мен қортынды есебі сипатында болады. Онда балабақша меңгерушісі, әдіскер, тәрбиешілер, дәрігер және ата-аналар комитеті төрағасы сөз сөйлейді, есебі тыңдалады. Еңбек нәтижелері мен жетістіктері, кемшіліктері айтылып, оны жоюдың жолдары қарастырылады.

· Ата аналармен жүргізілетін жұмыстардың мазмұны, формасы. Әдістеріне тоқталамыз. Отбасы –бұл баланың өмір сүру ортасы: қамқорлықтың тұрақты көзі, тәрбиелеумен , қарапайым біліммен қаруландыру және шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адасдардың мейірім шуағын сезінетін орын. Отбасына барлығы жақсы болған жағдайда-балалар жақсы жетістіктерге жетіп, өзінің даму әлеуметіне көтеріле алады.

· Ш.А.Амонашвили тәрбиешіге төмендегідей талап қояды: педогог- тәрбиеші әріптестеріне мейрімді, жылы шырайлы, ықыласты болуы керек, әріптестерімен қарым қатынас жасаудың әдебін, дауыс сарынын, жылы үнін игеру керек, әріптестерінін табысына қызғанышпен , күншілдікпен қарауға құқы жоқ, әріптестерімен өз тәжірибесін бөлісуге міндетті , әріптестерінен үйренуге ұялмауы керек, әріптестеріне жоғарыдан менсінбей қарауға құқы жоқ, әріптестерінің ар-намысын, атақ-даңқын сақтауы керек, балаға байланысты отбасы құпиясының бәрін білу керек, бірақ оны ешкімге шашпауы тиіс. Тәрбиешінің әрбір қимылы, жүріс-тұрысының өзі балаларға өнеге, тәлім –тәрбие берерліктей болуы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

Нормативтік құжаттар:

1. ҚР «Білімтуралы» Заңы;

2. ҚР «Конституция» Заңы;

3. ҚР «Балаларқұқықтарытуралы»Заңы;

 

Негізгі құжаттар

1.ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті Білім беру стандарты

2.Мемлекеттік білім бағдарламасы

 

Қосымша әдебиеттер

 

 

• 1.Қазіргі таңдағы мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің психологиялық-педагогикалық негіздері: Халықаралық ғылыми-практикалық конферения материалдары –Алматы, 2003. –286-289

• 2. Жас ұрпаққа экологиялық тәрбие берудің бағыттары //Ұлт тағылымы. -2003.-№2.–19-21 б.

• 3.Шоқан еңбектеріндегі табиғаттың эстетикалықбейнесі //Ұлағат. -2003.-№5.–28-29 б.

• 4.Экологиялық тәрбие бойынша дайындалған оқу-әдістемелік кешені //Бастауыш мектеп. -2003.-№8.–18-19 б.

• 5.Экологиялық мәдениет – отбасынан //Хабаршы. Педагогика ғылымдары сериясы.-2003.-№1 (3).–65-69 б.

• 6.Үздіксіз экологиялық тәрбие //Қазақстан мектебі.- 2003. -№8, –32-34 б

 

Интернет ресурстары

www.Bilimsite.kz

Просмотров: 750


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст